МҚІСЖҚА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде «Ашық есік күні» өтуде.

Бұл күні, мерекелік атмосферада, шымкенттіктер жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемелердің қызметімен танысады, сондай- ақ, бір күн ішінде департамент, сонымен қатар, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында және тестілеу залы бойынша экскурсиялар өткізіледі.  Департаменттің жұмысымен департамент басшысының орынбасары Айбек Шильманов таныстыруда.

Келушілердің қатарында жастар, мемлекеттік қызмет мектебінің студенттері мен бітіруші студенттер, қоғам өкілдері.

Мақсат — дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту, сондай-ақ жұртшылықты Агенттіктің халық алдындағы қызметінің ашықтығы, айқындылығы және есеп берушілігін көрсету болып табылады.

«Бүгін біз мемлекеттік қызметке бір қадам жақындай түстік. Департаменттің ашық есік күні бізге мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы игі бастамаларды жүзеге асыру тетіктерін түсінуге мүмкіндік берді» — деді студент Тлеухан Көпбай.

Сондай-ақ, Департамент басшылығы сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күресуге шақырып, сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда Агенттіктің 1424 Call-орталығына, мемлекеттік қызметке қатысты ұсыныстар мен сұрақтарды Департаменттің 51-51-51 сенім телефонына немесе memkyzmet.kz сайтына жолдауға болатынын хабарлайды.

Айта кетейік, осы тұрғыдағы іс-шаралар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен республика деңгейінде өткізілуде.

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444