«АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ҒИМАРАТЫНДА ЭКСКУРСИЯ ӨТТІ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен 2019 жылғы 28 ақпанда аумақтық департаменттерде «Ашық есік күні» өтті.
Соның бір айғағы Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінде күні бойы өткен шараға 200 — ге жуық қала тұрғындары мен қонақтары келіп, мамандардан құқықтық кеңестер алды және Департаменттің жұмысымен танысуға мүмкіндік туды.
Іс — шараның негізгі мақсаты — Департамент пен халық арасында сенімгерлік және серіктестік қатынасты орнату, сондай-ақ азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және жемқорлық көріністеріне төзбеуге тәрбиелеу.
Келушілерге Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпараттар ұсынылды, яғни мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл туралы заңға түсіндірмелер берілді.
Сондай-ақ, шара аясында келушілер үшін Департаменттің ғимаратына экскурсия ұйымдастырылды.
Жалпы шара барысында келушілер қызметшілерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, заң аясында жауаптарын алды.
Тұрғындар үшін ұйымдастырылып жатқан бастамаға келушілер өз алғыстарын білдіріп, халықпен кері байланыс орнатуға, азматтардың билік өкілдеріне деген сенімін арттыруға септігін тигізеді деген пікірлерін айтты.
Айта кетейік, тұрғындар үшін осындай шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп тұратын болады.