Айтыскер ақын Ақмарал Леубаева 50 жаста

Жаһұттай жыр тұнған поэзия әлемінде өзіндік өрнегі, қазақтың төл өнері – айтыс жанрында өлшеусіз ізі бар, қара сөзге дес бермес, жорғадай тайпалған қазақтың қайсар қызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ақмарал Леубаеваны 50 жылдық мерейтойына орай бүгін қала әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қабылдады.

Кездесу барысында шаһар басшысы айтыс өнері мен руханият төңірегінде бірқатар мәселелерді айтып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ақындардың алар орны ерекше екенін атап өтті.

Ақмарал Леубаева 1969 жылы 10 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы Ақбастау елдімекенінде дүниеге келген.

1988 жылдан бері айтыс өнерінде тер төгіп жүр. Ақиық ақын бірнеше рет республикалық және халықаралық айтыстарда жүлделі орындарды иеленген.

Кездесу соңында тараптар келесі жылы өтетін Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойлары мен тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту жайын да сөз етіп, алдағы уақытта Шымкентте айтыс өнерінің одан әрі дамуына бірлесе жұмылып жұмыс істеуге сөз байласты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444