91 мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдау арқылы оның 31%-ы оң шешімін тапты
«Nur Otan» партиясы 2019 жылдан бастап «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірыңғай тақырыптық қабылдау» акциясын тұрақты негізде жүргізіп келеді.
Партиялық жобаның негізі мақсаты — мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық орындарда кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасау және оларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс көздерімен қамту.
Бекітілген жалпы ережелерге сәйкес, «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірыңғай тақырыптық қабылдау» акциясы тоқсанына 1 рет өткізіледі. Қазіргі уақытқа дейін партияның Шымкент қалалық филиалында 10 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 91 мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдау арқылы оның 31%-ы оң шешімін тапты.
Осы мақсатта, бүгін жергілікті әкімшілік пен тиісті мекемелерді
✅ЖҚӘҚБ,
✅денсаулық,
✅білім,
✅тұрғын үй басқармасы т.б..тарта отырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселесін шешу және талап-тілегін қанағаттандыру мақсатында кезекті тақырыптық қабылдау акциясы ұйымдастырылды. Шараға партия филиалының басшылары мен бұқаралық ақапарат құралдарының өкілдері қатысты.