Жамбыл облысындағы мәрмәр өндіретін кәсіпорын
Талас ауданы Қаратау қаласында орналасқан «Қаратау ПРО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мәрмәр ұнтағын өндіретін кәсіпорын. Жоба 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Аталмыш жобаның құны 1946,0 миллион теңгені құрайды. Жобаның жылдық қуаттылығы 110 мың тонна.
Қазіргі таңда зауытта жаңа жұмыс орындары ашылып отыр. Бүгінде зауытқа итальяндық құрал-жабдықтар орнатылып, карьер толықтай геологиялық зерттеуден өткізілген. Зауыт ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларына 14357,0 тонна мәрмәр ұнтағын және 511,0 тонна мәрмәр үгіндісін өндіріп, жалпы өнім көлемі 105,5 миллион теңгені құраған.