Ш.Мұқан: Ассамблея — еліміздегі барлық этностарды қазақ халқының маңына топтастыратын бірегей институт

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Қала әкімінің бірінші орынбасары, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаеваның қатысуымен өткен отырысты кеңес төрағасы Орынбай Рахманбердиев жүргізді.

Отырысты ашқан қала әкімінің бірінші орынбасары этномәдени бірлестіктермен алғашқы кездесуде айтылған жайттар бойынша жауапты тұлғалардың бүгінгі жиынға арнайы шақырылғанын айтып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда ассамблеяның маңызды құрылым екендігіне тоқталды.

– Ассамблея елді бірлікке, ынтымаққа шақыратын еліміздегі барлық этностарды қазақ халқының маңына топтастыратын бірегей институт. Ассамблея, сондай-ақ, мемлекетіміздегі ішкі саяси тұрақтылықтың берік сақталуына, этносаралық татулықты, елдікті, бірлікті бекемдеуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асыратын ұйым. Сондықтан Ассамблея туралы кейбіреулер айтып жүргендей сыңаржақ пікірлерге, ұшқары ойларға жол бермей, бұл құрылымның байыпты бастамаларға бастайтын, еліміздің басқару жүйесіндегі өзіндік орны бар ұйым екендігін жұртшылыққа, жастарға кеңінен ұғындыруымыз қажет. Ассамблеяның құрылымдық бөлімшесі ретіндегі Қоғамдық келісім кеңесінің де негізгі бағыты осы, деді Ш.Мұқан.

Кеңесте «Үшінші мегаполистегі миграциялық үдеріс және мигранттарды тіркеу», «Қала аумағындағы жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу: негізгі проблемалар және шешу жолдары», «Қоғамдық көліктерге электронды төлем жүйесін ендіру», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында атқарылған жұмыстар», «Бюджетке төленетін салық төлемдері» сынды мәселелер қаралды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444