МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ – ТҮРКІСТАНДА
Түркістан облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары жұмыс сапарымен келді. Байділдә Жылқышиев, Мансұрхан Махамбетов, Уалихан Қайназаров, Құдайберген Ержан, Сәкен Қаныбеков және Мұхтар Ерман облыс әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметовпен кездесті. Кездесу барысында өңірдің дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы сөз болды. Парламент өкілдері Түркістан қаласының ажары ашыла түскенін айтып, құрылыс барысына оң бағаларын берді.
Депутаттар облыс орталығын аралап,
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open spase» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысымен танысты. Партия қызметкерлерімен, фракция мүшелерімен кездесіп, тұрғындардың талап-тілектері жөнінде пікір алмасты. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған, биыл қолданысқа енгізілген бірнеше жаңа заң жобалары туралы ой бөлісті.

Өңірдің тыныс-тіршілігімен танысуға арнайы келген депутаттар бір апта бойы аудан, қалаларды аралап, фракция мүшелерімен, сайлаушылармен кездеседі.
Осыған дейін халық қалаулылары Төлеби ауданындағы бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралады. Сондай- ақ, жергілікті халықпен кездесіп, ҚР Парламент Мәжілісінде қабылданған заңдар, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар төңірегінде ой өрбітті. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде айтылған өзекті мәселелер, «Nur Otan» партиясының жұмысын жаңғырту жолында атқарылуы тиіс жұмыстар, міндетті әлеуметтік сақтандыру, жастар кадрлық резерві, жоғарғы оқу орындарын оңтайландыру мәселелерін түсіндірді. Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап берілетін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы сөз етілді. Жиынға қатысушылар ашық әңгіме барысында толғандыратын сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі