«Ұлт үні» байқауының үшінші күнгі іріктеу туры өткізілді

Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына сәйкес «Ұлт керуені» байқауының үшінші күнгі іріктеуі этностар тығыз шоғырланған Шымкент қаласындағы Тоғыс ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің спорт залында өтті. Бұл күні де қазақ халқының небір əндері мен күйлері, билері орындалды. Бұл байқау «Қазақтану» деп бекер аталып отырған жоқ. Оның негізгі мақсаты — өзімізбен қатар өмір сүріп отырған өзге ұлт өкілдерінің де қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сақтап, дәстүрі мен өнерін, мəдениетін терең білуіне, меңгеруіне, құрметтеуіне ықпал ету.

Түрік қызы Гүлханым Турсынова қазақтың қобызында небір күйді шебер орындаса, 68 жасқа келген Зейтуна Шафикова вальс падишасы Шəмші Қалдаяқовтың əндерін шырқады.

Қазақстан Республикасының мəдениет қайраткері, Шымкент қалалық ішкі саясат жəне жастар істері жөніндегі басқарманың «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы, комиссия төрайымы Азиза Исаева: «Үш күнде этнос өкілдері шоғырланған алабтарда карантин талаптарын сақтай отырып, іріктеу кезеңдері өтті. Мүмкіндік болмай, қатыса алмай қалған үміткерлер онлайн форматта видеоматериалдарын жібере алады. Ал байқаудың екінші кезеңіне өткендер алдағы уақытта тығыз шоғырланған аумақтарда өз өнерлерін көрсететін болады»,- деді. Басты мақсат — ұлттық бірегейлікті сақтау.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444