ШЫМКЕНТ: БЕС КҮНДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ ШЕКТЕУЛЕРІН БҰЗҒАНДАРҒА 287 ӘКІМШІЛІК ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ

Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдай штабының өкілі Қанат Жүнісбеков ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте баяндады.

Өздеріңізге белгілі қаладағы тойханалар, ойын-сауық орындары толығымен тоқтатылып, сауда орталықтары мен мейрамханалардың жұмыс уақыттары шектелді.

Қоғамдық тамақтану орындарының (кафе, мейрамхана және тағы басқалар) қызметіне сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеу енгізілді.

Сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін қоғамдық тамақтану орындарының жұмысын «тағамдарды үйге жеткізу» режимінде жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда бұл мәселе қатаң бақылауда, күнделікті құзырлы органдар тарапынан мониторинг жасалып, рейдтер жүргізілуде. Қаладағы төрт ауданда жүргізілген рейд барысында бес күнде 287 әкімшілік хаттама толтырылған. Егер де енгізілген шектеулер бойынша талаптарды бұзу фактілері анықталған жағдайда, тиісті тұлғалар жауапкершілікке тартылып, нысандары жабылатын болады.

Шымкент қаласы төтенше жағдай штабы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444