ШЫМКЕНТ: БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА КЕЛІП ТҮСКЕН БАРЛЫҚ САУАЛДАР ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдай штабының өкілі Қанат Жүнісбеков ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте баяндады.

Шымкент қаласы бойынша бірыңғай байланыс орталығына күні бүгінге дейін 1845 сауал келіп түскен. Барлығы бақылауға алынып, тиісті шаралар атқарылып жатыр. Сауалдарыңыз болса 39-50-55 телефонына хабарласуларыңызға болады.

– Еліміздегі қалыптасқан жағдайға байланысты қала әкімінің бастамасымен Шымкентте бірыңғай байланыс орталығы құрылып, жұмыс істеп жатыр. Сол орталыққа келіп түскен сауалдарды саралап, қажеттілігіне қарай өздеріңізді тиісті ақпаратпен құлақтандырып отыратын боламыз, — деді Қ. Жүнісбеков.

Еске сала кетсек, Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылы 31 наурыз күні сағат 21.00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Атап айтсақ, қалаға кіретін барлық жолдар жабылады. Автокөліктердің қалаға кіруі мен шығуына тыйым салынады. Тек транзитті жүк көліктері мен тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге рұқсат беріледі. Қала аумағында барлық азаматтар медициналық бетперде киюге міндетті.

Шымкент қаласы төтенше жағдай штабы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444