ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ ОРЫНДАМАҒАН 175 КӘСІПКЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 4 жұмысшы тобы құрылған. Оған тиісті құзырлы органдардың өкілдері кірген.

Бұл туралы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте айтты.

— Аудан аумағыдағы Shymkent Plaza, Mega Planet, ЦУМ және Береке атты 4 ірі сауда орталықтары жабылған. Ал, Акбар және орталық Қырғы базарлардың жұмыс істеу уақыты шектелсе, Дархан базары толық жабылды. Жұмыс істеп тұрған базарлардың аумағында күніне 2 рет дезинфекция жасалуда. Сондай-ақ, базар әкімшіліктері саудагерлер мен келушілердің медициналық бетперде мен қолғап киюін және қолды антисептикалық өңдеуден өткізуін қадағалап отыр, — деді Ғабит Патшаханұлы.

Аудан әкімінің айтуынша, 45 кәсіпкерлік нысаны өз еркімен жабылды. Ал, шектеулерді ескермеген және санитарлық талаптарды орындамаған 175 кәсіпкерге әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сондай-ақ, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзған 5 азамат 3 тәулікке қамауға алынған.

Шымкент қаласының
төтенше жағдай жөніндегі штабы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444