Құқықбұзушылыққа қарсы автошеру өтті

9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні. Осыған орай, Тараз қаласы әкімдігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен автошеру өтті. Бүгінде жиырма бірінші ғасырдың дертіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге арналған нақты іс-шаралар атқаралып келеді. Сәйкесінше,  заңға және басқа  да заңдық нормативтерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Олар мүмкіндігінше өз нәтижесін беруде. Осылайша жең ұшынан жалғасқан бұл індетпен күресу мақсатында тараздық «Джип Клубының» қатысуымен автошеру өтті. Автошеру орталық Достық алаңынан басталып, Тұңғыш Президент саябағына дейін жалғасты.

Ал Тұңғыш Президент саябағында қаланың белсенді жастары флешмоб ұйымдастырды. Осы арқылы олар өздерінің қоғамды жегі құрттай жеген жемқорлық әрекеттеріне қарсылықтарын білдірді.

Жасыратыны жоқ қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отыр. Себебі, мұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтірері анық.

Дмитрий Емелин, қала тұрғыны: — Біздің Тараз «Джип Клубы» осы шараға қолдау көрсетуге келді.Себебі біз жемқорлыққа қарсымыз. Мұнымен күресуді тоқтатпаймыз.Өйткені бұл дұрыс емес.Сондықтанда еліміздің әрбір азаматы мұнымен күресуі қажет.Біз қарсымыз, — дейді. Қазақстан – болашағына  нық сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер мен сын-кезеңдер тұр. Елбасы биылғы Жолдауда айтқандай, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес шаралары жалғаса береді. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Әрине, бұл қылмыстармен күресте қылмыстық-құқықтық шаралардың маңызы ерекше. Сөйтсе де, оларды болдырмауда, ал орын алған жағдайда, жасаған адамдарды жазалауда тәртіптік, әкімшілік және азаматтық жауаптылық шараларында кеңінен қолданған жөн. Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады, сондықтан, мемлекеттік қызметкерлердің қатарын мемлекеттің мүддесін жоғары дәрежеде қорғай білетін кадрлармен толықтыруды, кездойсоқ адамдардың мемлекеттік қызметке кіріп кетпеуін қамтамасыз ететін қосымша жан-жақты шараларды күшейту қажеттілігі артып келеді.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444