Байзақ ауданында биылғы жыл мал басының ұлғаюымен ерекшеленді

Байзақ ауданында биылғы жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру межеленген жоспардан 1683,2 гектарға немесе 3,3 пайызға артығымен орындалған. Бұл туралы аудан әкімдігінің мәжілісінде аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Болат Сағынбеков баяндады. Болат Мырзаханұлының айтуынша, аудандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы жер көлемі 169 971 гектарды құрайтынын алға тарта отырып, егіс алқаптарын әртараптандыру мақсатында қант қызылшасы, майлы дақылдар, көкөніс, бақша, арпа және мал азықтық дақылдарға басымдық берілгенін жеткізді. Сонымен қатар, күзгі егіс – дала жұмыстары мен келесі жылдың өнімдері үшін дақылдар себу жұмыстарына жұмылдырылған техникалар, жаңадан сатып алынған ауыл шаруашылығы техникалары, тамшылатып суару технологиясы, жылыжай шаруашылықтарын дамыту барысы, мемлекет тарапынан бөлінген жеңілдетілген бағадағы дизель отыны, егілген дақылдар мен жиналған өнімдердің көрсеткіштері, жиналған мал азығының көлемі, күздік бидай егуге дайындалған жер мен сүдігер жырту жұмыстарының жүргізілуі туралы жан-жақты айтылды. Мемлекеттік қолдауға қол жетімділікті, кеңінен қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күнге 50 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. 6 кооператив сүт өндіру, 2-уі мал бордақылау бағытында жұмыс жасайды. 3 кооператив сүт таситын автокөлік алса, 5 кооператив сүт сақтайтын танкер алып жұмыс жүргізуде. Биылғы жылдың 9 айында ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің өнімдерін мемлекет тарапынан субсидиялауға 523,3 млн. теңге төленді. Ет экспорты: бүгінгі күнге барлығы 164,8 тонна ет экспортқа өткізілді (оның 70,4 тоннасы қозы еті, 94,4 тоннасы МІҚ еті). 2017 жылдың 9 айымен салыстырғанда 2018 жылы мүйізді ірі қараның — 1537 басқа (38744 бас), қой мен ешкінің 6320 басқа (256620 бас), жылқының — 629 басқа (11434 бас), түйенің — 54 басқа (931 бас), шошқаның — 7 басқа (1437 бас) өсуіне қол жеткізілді. Аудан бойынша ет (тірі салмақта) өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 109,9% (9801,4 тонна), сүт өндіру 103,7% (27544 тонна) өсті. Биылғы жыл төрт түлік мал басының ұлғаюымен, оның өнімінің өсуімен ерекшеленді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444