БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ҮСТІНДЕГІ КӨПІРДІҢ БІР БӨЛІГІ АШЫЛДЫ

Қайырымды қала-Шымкентте «Қорғас — Алматы — Шымкент — Өзбекстан Республикасының шекарасы» А-2 автомобиль жолындағы Бадам өзені үстіндегі көпірдің бір бөлігі пайдалануға берілді.
Көпірдің жалпы ұзындығы 144 метр, жүріс бөлігінің ені – 11,5 метр, жалпы ені – 28,2 метр.
Жоспар бойынша көпір құрылысы толығымен 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Елу жылдам астам тарихы бар ескі көпірдің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған соң жаңа көпір ел игілігіне берілетін болады.
Бүгінгі таңда қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен Шымкентте А-2 автомобиль жолын қайта құру жұмыстары атқарылуда. Жоба 8 кезеңнен тұрса, оның төрт кезеңінде құрылыс жұмыстары атқарылуда. Қалған 4 кезеңінде жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444