Жамбыл ауданында ата-аналардың форумы өтті

Жамбыл аудандық «Жастар ресурстық орталығының» мәжіліс залында «Ұлт болашағы – ұрпақ тағдыры» тақырыбында ата-аналардың аудандық форумы өтті. Форумға аудан әкімдігі білім бөлімінің мамандары, құқық қорғау, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, мектеп директорлары мен орынбасарлары, мектепішілік қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті, мектеп психологтары мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қатысты.
Жиында аудан әкімдігі білім бөлімінің бас маманы Әлия Омарова «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, аудандық орталық аурухана қызметкері Аида Тоқсанбаева «Жасөспірімдер денсаулығы – әлеуметтік байлықтың негізі», аудандық ішкі істер бөлімі ювеналды полиция тобының аға инспекторы Қанат Алденов «Құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-аналардың заң алдындағы жауапкершілігі», аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Арман Смаилов «Төтенше жағдайлардың алдын алу және одан қорғану шара­лары», Төле би атындағы орта мектеп­тің психологы Гүлнар Шүкеева «Бала тәрбиесі және тәрбие беру психоло­гиясы» тақырыбында баяндама жасап, «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының директоры Жаннұр Дүйсенова «Вир­туалды тәуелділік – жасөс­пірімдер үшін қауіпті» тақыры­бында бейнематериалдар көрсетті. Ата-аналармен психологиялық тренинг ұйымдастырылып, ой-пікірлері тыңдалды. Тәрбие отбасынан басталады. Болашақ ұрпақтың Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен, ата-ананың ықпалымен қалыптасады. Форумға жиналған жұртшылық бала тәрбиесіндегі өзекті  мәселелерді қызу талқылап, ата-аналар кеңесінің жұмысына көңіл бөлді. Жиынға қатысқан белсенді ата-аналардың бірі З. Жанботаева: — Ата-аналар форумы дер кезінде өтіп жатыр. Өзекті мәселелер қамтылды. Ең бірінші жауапкершілік ата-анада болу қажет деп есептеймін. Отбасында балалармен келіспейтін жағдай болады. Оны қоғамға, мектепке аудармай ата-ана өзі шешу керек, — дейді. Облыстық ата-аналар форумына қатысушылар Елбасы мақаласын да талдады. «Біздің мақсат —  өздігінен шешім  қабылдауға даяр, рухани қарым-қатынасқа қабілетті ұрпақ тәрбиелеу, — деп түйіндеді. Аудандық форумға қатысушылар атынан барлық ата-аналарға арналған үндеу жарияланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444