Мәдениет — ұлт мәйегі

Облыс көлемінде өткізілетін мәдени іс-шаралардың маңыздылығын күшейту керек. Бұл салаға қарастырылатын  қаражат та қомақты. Биылдың өзінде 2 млрд, 200 мың теңге бөлінген. Дегенмен, бюджет қаржысын сапасыз мәдени көпшілік істерден гөрі, саны аз болса да, талайды тамсандыратын шараларға жұмсаған жөн. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов, мәдениет басқармасына осындай талап қойды.

Облыс деңгейінде жүйелі өткізілуі тиіс іс-шаралардың дейгейі туралы өткен жиында басқарма басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев, өңірдегі мәдениет саласындағы жағдаймен таныстырды. Мәселен, биыл аймақта алғаш рет 10 мәдени шара ұйымдастырылған. Соның бірі «Жамбыл менің жай атым, халық менің шын атым» атты ақынның туған күніне арналған ақындар айтысы. «Арқа төсіндегі арман қала» тақырыбында жазба ақындар айтысы да тұңғыш рет бастау алды. Әйтсе де, бұл іс-шаралардың ауқымын кеңейте түсу қажет. Тасадағы таланттарды көбірек тартуға септігін тигізетін мұндай мүшайралар кең көлемде ұйымдастырылғаны дұрыс, деді әкім. Яғни, жазба ақындар айтысының тәртібі мен жүйесін жасауға аса мән берілуі тиіс. Мұндағы мақсат – облыста жазба ақындар мектебін құру. Бір бұл ғана емес, жалпы алғанда, Әулиеатадағы мәдени іс-шаралардың жүйесін қалыптастыру бұл саладағы  кезек күттірмейтін мәселе. Біздегі театр материалдық жағынан болсын, шығармашылық жағынан болсын жұпыны. Сондықтан, қаржыны  алаулатып-жалаулатқан мағынасыз  іс-шараларға жұмсағаннан гөрі, ең алдымен өзіміздің театр мәдениетін көтеруге күш салу қажеттігі ескертілді. Мәдениет саласына бағытталған екі млрд теңгенің төрттен бірі ғана түрлі мәдени шараларға жұмсалады екен. Сондықтан, бірінші кезекте саннан, сапаға көшетін кез келді. Екі апта көлемінде басқарма басшысына алдағы жоспарын тиянақтап, нақтылауға мерзім берілді.

Дереккөз:taraztv.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444