Тұтынушыларға кеңес
▪Тұтынушының сапаға құқығы бар. Бұл заңда жазылған және өнімнің қауіпсіз болуы керек дегенді білдіреді, онда өнімнің қайда, қашан, кім өндіргені туралы ақпарат болуы керек. Сатып алушының қайтаруға немесе ауыстыруға, ақшалай зиянды өтеуге құқығы бар. Сонымен қатар, заңнамада бұл ережелердің барлығы дүкеннен немесе сатылымнан сатып алынғанына немесе қандай да бір себептермен жеңілдікке ұшырағанына қарамастан, кез келген өнімге қолданылатыны анық көрсетілген.
▪Сатып алушы 14 күн ішінде сапалы тауарды қайтара немесе алмастыра алады. Сатып алынған зат ұнамай қалуы, өлшемі немесе түсі сәйкес келмеуі мүмкін.
Қайтару немесе айырбастау қиындықсыз жүзеге асырылатын негізгі шарттар: өнім пайдаланылмаған, өз функцияларын сақтайды және айырбастауға жатпайтын тауарлар тізіміне кірмейді.
▪Сондай-ақ сізге осы нақты сатушыдан тауарды сатып алуды растайтын құжат, яғни сату түбіртегі немесе кассалық чек қажет.
▪Тағы бір атап өтетін жәйт, егер өнім сапасыз болып шықса. Бұл жағдайда сатушы ақшаны қайтармау немесе тауарды айырбастамау үшін әртүрлі қулыққа жиі барады. Егер сатып алушы өнімдегі ақауды анықтап, сатушыға келсе және ол одан бас тартса, онда барлық байланыс жазбаша түрде өтуі керек. Себебі сотқа жүгінген жағдайда жазбаша дәлелдемелер, яғни құжаттар қажет болады.
Шымкент қаласы бойынша
Сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті
бас маманы Н.Қалмырза