Дүкеннің зауыттық ақауы бар тауарды айырбастамауға құқығы бар ма?

Зауыттық ақауы бар болса, дүкен өнімді ауыстырудан бас тарта алмайды. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30-бабына сәйкес, егер тұтынушы тауардың ақауларын анықтап, оны ауыстыру туралы талап қойса, сатушы оны дереу ауыстыруға, ал қажет болған жағдайда қосымша тексеру (сараптама), сатушы тауардың сапасы туралы — тиісті сұрау салу жасалған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізуге міндетті.

Сондай-ақ, сапасыз тауарды жаңа ұқсас тауарға, яғни пайдаланылмаған тауарға ауыстыруға болады. Егер сатушыда талап қою сәтінде ауыстыруға қажетті тауар болмаса, тауарды талап қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ауыстырылуы жүзеге асырылуы тиіс.

Тауардың сапасын қосымша бақылау құнын сатушы төлейді. Егер тауарға сараптама жүргізу нәтижесінде тауарда ақаулардың жоқтығы немесе тауар тұтынушыға берілгеннен кейін пайда болған жағдайда, сақтаудың белгіленген ережелерін бұзудан немесе олардың әрекеттерінен туындағаны анықталса, үшінші тұлғалы немесе форс-мажор жағдайында тұтынушы сатушыға тексеруге кеткен шығындарды өтеуге міндетті.

 

Шымкент қаласы бойынша

Сауда және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаменті

бас маманы А.Алдаберген

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444