Ассамблея – ұлтаралық ынтымақ пен қоғамдық келісімнің кепілі

Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл

Қазақстан тәуелсіздігінің баянды, бірлікке, ынтымақта үйлесіп келе жатқандығының басты кепілі – Қазақстан халқы ассамблеясы. Ассамблея аясында Қазақстанда тұрып жатқан ұлттардың мақсаттары, құндылықтары мен идеялары, ортақ тарихи тағдыры, әлеуметтік мәселелері тең құқықты өкілеттілікке ие болып, бір тұтас шаңырақ астына ұйысты. Көпұлттық, көп тілді қоғам – біздің мемлекетпен қорғауға алынатын біздің үлкен қазынамыз екенін көрсетті. Барлық ұлттардың келісім тауып, тілдерін, мәдениетін, дәстүрлерін дамытуға ұмтылыстары, өз тарихи отандары жайындағы маңызды оқиғалары жайында хабардар болып, бірлігі мықты елде тұрып жатқандары бағамдалды.

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап мемлекет саясатының басты нысаны этносаралық қатынастарды реттеп, Қазақстанның бірлігі жарасқан көпұлтты ел екені әлемге таныту саясаты жүрді. Ол үшін алдымен Қазақстанға алғаш келген этностардың көшу тарихы, көпұлтты Қазақстан халқының тарихы сынды мәселелер күн тәртібіне бекітілді. ҚХА осы мәселерді шешу жолында сүбелі еңбектер атқарып, Ассамблея тарихына зерттеу жүргізді. Деректер мен құжаттар негізінде Қазақстанның көпұлтты елге айналу тарихы, Ұлтаралық татулықты берік ұстанған қазақ халқының тарихи рөлі жайында еңбектер жарық көрді. Деректі фильмдер түсірілді.  Қазақ жеріне өзге ұлт өкілдері Ресейдегі 1861 жылғы қонысаудару реформасы бойынша алғаш қоныстана бастады. Сол тұста патша үкіметі алып империядағы әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету және де қазақ жерін отарлау саясатын белсенді жүргізу үшін орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аударттырды. Бұл шаралар жүйелі түрде жүзеге аса бастады. Орыс және украин шаруаларын Қазақстанның барлық облыстарына қоныстандыру XIX ғасырдың 70-нші жылдары қарқын алып, ғасыр соңына қарай ол жаппай сипатқа ие болды. Осы кезден бастап Қазақстанда құрылған облыстарда халықтың этникалық құрамы әр түрлі болып қалыптаса бастады.
Басты бет Жаңалықтар Ассамблея – ұлтаралық ынтымақ пен қоғамдық келісімнің кепілі Ассамблея – ұлтаралық ынтымақ пен қоғамдық келісімнің кепілі 06 Қыркүйек 2016 3572 Советтік дәуірде өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға қоныс аударуының басты себебі – жұмысшы өкілдерінің өңдіріске шоғырлануы мен сталиндік қуғын-сүргін саясаты болды. Қазақстан тәуелсіздігінің баянды, бірлікке, ынтымақта үйлесіп келе жатқандығының басты кепілі – Қазақстан халқы ассамблеясы. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. Елбасының жүргізген осынау саясаты оң нәтижесін беріп, Қазақстан халқы қолдаған маңызды идеялардың бірі болды.  Ассамблея аясында Қазақстанда тұрып жатқан ұлттардың мақсаттары, құндылықтары мен идеялары, ортақ тарихи тағдыры, әлеуметтік мәселелері тең құқықты өкілеттілікке ие болып, бір тұтас шаңырақ астына ұйысты. Көпұлттық, көп тілді қоғам – біздің мемлекетпен қорғауға алынатын біздің үлкен қазынамыз екенін көрсетті. Барлық ұлттардың келісім тауып, тілдерін, мәдениетін, дәстүрлерін дамытуға ұмтылыстары, өз тарихи отандары жайындағы маңызды оқиғалары жайында хабардар болып, бірлігі мықты елде тұрып жатқандары бағамдалды.  Жоғарыда айтып өткендей, Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап мемлекет саясатының басты нысаны этносаралық қатынастарды реттеп, Қазақстанның бірлігі жарасқан көпұлтты ел екені әлемге таныту саясаты жүрді. Ол үшін алдымен Қазақстанға алғаш келген этностардың көшу тарихы, көпұлтты Қазақстан халқының тарихы сынды мәселелер күн тәртібіне бекітілді. ҚХА осы мәселерді шешу жолында сүбелі еңбектер атқарып, Ассамблея тарихына зерттеу жүргізді. Деректер мен құжаттар негізінде Қазақстанның көпұлтты елге айналу тарихы, Ұлтаралық татулықты берік ұстанған қазақ халқының тарихи рөлі жайында еңбектер жарық көрді. Деректі фильмдер түсірілді.  Қазақ жеріне өзге ұлт өкілдері Ресейдегі 1861 жылғы қонысаудару реформасы бойынша алғаш қоныстана бастады. Сол тұста патша үкіметі алып империядағы әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету және де қазақ жерін отарлау саясатын белсенді жүргізу үшін орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аударттырды. Бұл шаралар жүйелі түрде жүзеге аса бастады. Орыс және украин шаруаларын Қазақстанның барлық облыстарына қоныстандыру XIX ғасырдың 70-нші жылдары қарқын алып, ғасыр соңына қарай ол жаппай сипатқа ие болды. Осы кезден бастап Қазақстанда құрылған облыстарда халықтың этникалық құрамы әр түрлі болып қалыптаса бастады. Көпұлтты Қазақстанның қалыптасу тарихына XIX ғасырда тыныштық пен қауіпсіз өмір іздеген ұйғырлар мен дүнгендердің көшіп келуі де тарихи оқиғаға баланды. Цинь империясының Құлжа аймағынан қазіргі Қазақстанның Жетісу аймағына 45 мың ұйғыр мен 5 мың дүнген қоныстанды. Қазақстанның құнарлы, табиғаты әсем өлкесі Жетісу ұйғырлар мен дүнгендерге ауылшаруашылығы үшін қолайлы аймақ болды. Олар Жетісудың Жаркент, Ақкент, Шарын, Малыбай, Құрама, Шелек, Талғар, Қарасу болыстарына ұйымдастырылды. Ұйғырлар мен дүнгендер негізінен суармалы егіншілікпен айналысты. Осылайша XIX ғасырдың II жартысынан бастап ұйғырлар мен дүнгендердің тарихи тағдыры қазақ халқымен және Қазақ жерінде тұрып жатқан басқа халықтармен тоғысып кетті.  Сондай-ақ орыс, украин, белорус, поляк, болгар шаруаларының көпшілігі өздерінің жанұясымен, мал-мүлкімен қазақ даласына Столыпин реформасы тұсында да көп көшіп келіп, қазақтың шұрайлы, егін шаруашылығына қолайлы аймақтарына қоныстанды. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстанда 60-қа жуық ұлттың өкілдері өмір сүрді. Олардың қатарында орыстар, украиндар, татарлар, ұйғырлар мен дүнгендер, өзбектер, башқұрттар, тәжіктер, еврейлер, немістер мен поляктар, молдавандар болды.  Советтік дәуірде өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға қоныс аударуының басты себебі – жұмысшы өкілдерінің өңдіріске шоғырлануы мен сталиндік қуғын-сүргін саясаты болды. 1920 жылы Қазақстанға қоныс аудару ұйымдасқан сипат алып, күштеп-мәжбүрлеу арқылы жүзеге асырылды. Басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға қоныс аударуына Ресейдегі өңдірісті орталықтарындағы жұмыссыздық мәселесі себеп болды. Сол тұста мыңдаған адам күн көріс қамы үшін Қазақстанға Қарағанды көмір бассейінің, Түркісіб темір жолын салу үшін және өзге өндіріс ошақтары үшін ағылып келе бастады.  1931-1940 жылдары Қазақстанға 509 мың адам келген. Олардың барлығы дерлік өндірістік нысандар, темір жол, қалалар мен жұмысшы кенттерінің құрылыстары аяқталғаннан кейін Қазақстанда қалып қойды. Сталиндік қуғын-сүргін саясатынан да қаншама адам депортацияланып, туған жерлерінен аластатылып, Сібірге, Орал мен Қазақ жеріне қоныс аударды. Бұл саясаттың құрбаны оппозиция белсенділері, байлар мен дін өкілдері, оқыған зиялы қауым өкілдері болды. Тоталитарлық жүйе салдарынан ашаршылық, тұрмыстық келеңсіздіктер орын алып, бір отбасы мүшелерін жан-жаққа бөліп, жалған айып тағып, өзге де ұлт өкілдерін моральдық күйзеліске ұшыратып, күштеп қоныс аударуға әрекет етті. Сондықтан жоғарыдағы саясатта Қазақстан халқының ұлттық құрамының өзгеруіне де үлкен әсер етті.  Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында да Қазақ жеріне өзге де этникалық топтар депортацияланды. Олардың қатарында немістер, еврейлер, қарашайлар, месхет түріктері болды. Тәуелсіздік алған тұста Республикадағы халық саны біршама азайды, орыс және украин халықтарының үлес салмағы біршама өзгеріп, Қазақстанды мекендеген неміс халқының саны күрт өзгеріске ұшырап, қазақ халқының үлесі көбейе бастады.  Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанға қоныс аударушылардың үлес салмағын өз атажұртына орала бастаған қандастар құрады. Сондай-ақ өз елдеріндегі әлеуметтік шиеленістерге байланысты өзбек, қырғыз, тәжік, түрікмен, қарақалпақ сияқты халықтардың иммиграциясы да көбейді.  Сонымен қорыта айтар болсақ, көпұлтты Қазақстан халқының қалыптасу тарихи кезеңі Ресей империясының отаршылдығы дәуірінен басталып, советтік кезеңді қамтып, тәуелсіздік алған уақытқа дейін жалғасты. Осы уақыт аралығында Қазақстан қаншама өзге ұлт өкілдерін бауырына баса отыра, этникалық біртектілікті сақтай отырып, көпұлтты елдің үлгісін әлемге паш етті. Ұлтаралық қатынастардағы күрделі мәселерді де біржақты шешіп, этносаралық келісімнің берік тұтқасын қалады. Осылайша қазақтың қасиетті әрі мейманжай шаңырағының астында Қазақстан халқы ассамблеясы салтанат құрды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444