Ассамблея өз құндылығын дәлелдеді
Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл
Жер шарының қандай бөлігін қарамасаң да, барлық елдер этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісін ұзақ іздеп жүргені анық. Сондықтан Қазақстан Республикасының тәжірибесі жалпы әлемдік және жалпыға бірдей маңызға ие. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жақсы ойластырылған, ықтиятты, ғылымға негізделген саясаты, саяси ерік – жігері мен көрегендігінің нәтижесі.
Тәуелсіздік жылдарында этносаралық келісімнің үйлесімді тұжырымдамалық үлгісі қалыптасты. Этносаясаттың әр үлгісінде ережелердің өзіндік жүйесі бар. Ол өзара байланысқан принциптерден тұрады. Адамдардың мінез – құлқын осы ұстанымдар айқындайды. Қазақстандағы қазіргі этносаясат мынадай бес ұстанымға құрылады:
– Этностық, діни мәдени, тілдік саналуандық байлық болып табылады;
– Қазақстан этностарының мәдениеті мен тілдерін дамыту үшін мемлекет мақсатты түрде барлық жағдайды жасайды;
– Ұлттың басты құндылықтары толеранттық пен жауапкершілік болып табылады;
– Қоғамдағы біріктіруші рөл қазақ халқына тиесілі;
– Қазақстан халқының бірлігі.
Осының барлығы жалпыұлттық құндылықтар мен толеранттық принциптер және «әралуандықтағы бірлік» салынған этносаралық және конфессияаралық қатынастардағы қазақстандық ерекшеліктерді құрайды.
Қазақстан – көпэтносты мемлекет, онда азаматтық қоғам негізінде бір халық қалыптасады. Мұндай мемлекетте халық бірыңғай саяси субъект, бірыңғай саяси қоғамдастық ретінде әрекет етеді. Бұл жағдайда ұлттың азаматтық–құқықтық түсіндірмесі және «Бір халық» деген тұжырымдама сәйкес болып табылады. Бұл ұғымда ұлт – бұл елдің барлық азаматтарының жиынтығы, ол жеке тұлғалар қоғамдастығы, бірыңғай азаматтық бірегейлік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтардан жоғары тұрады.
Ассамблеяның он үшінші сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА дамуындағы жаңа кезеңді нақты айқындап берді. Ол елдің дамуымен логикалық тұрғыда сабақтас еді. «Біздің стратегиялық мақсатымыз – қоғамды одан әрі топтастыру және бірегей қазақстандық, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру. Бұл Шығыс пен Батыс, озық білім, технологиялар мен ғасырлар даналығы, рух бостандығы, ынта–жігер бірлігі тамаша түрде түйісетін ұлт» – деп, атап көрсетті.
Бұл ретте қазақ ұлты біріктіруші, ал қазақ тілі мемлекеттік болып табылады. Барлық азаматтардың заң аясында бекітілген теңдігі бойынша, олардың ұлттық немесе этникалық ерекшеліктеріне қарамастан бұл шынайылықты мойындайды.
Жалпыұлттық идея – бұл өзінің этникалық құрамының бірегейлігімен барша қазақстандықтардың идеясы. Ол қоғамда біріктіруші, тұтастырушы рөл атқарады. Өйткені ол бүкіл халықтың мүддесін білдіреді.
Тарихи түрде Ассамблея өз құндылығын дәлелдеді. Қазақстандық тәжірибені әлемдік қауымдастық зерделеуде, ол ХХІ ғасырдың ұлттық саясаттың өзіндік эталоны болды. Жан – жақты ойластырылған мемлекеттік ұлттық саясаттың арқасында республикамызда жемісті еңбек пен серпінді даму үшін барлық жағдай жасалған.