ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ ТӨМЕНДЕМЕЙДІ
Төтенше жағдай кезінде шымкенттегі құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Карантин жұмысқа қолбайлау болмауы керек. Барлық мүмкіндікті қарастыра отырып, жұмысты жүйелеген жөн. Қайта осындай сәтте өзге өңірлерден келіп, үйінде бос жатқан қолынан іс келетін мамандарды көптеп еңбекке тарту жағын қарастырған дұрыс. Дегенмен, азаматтардың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс.
Бүгін «Шымкент сити» шағынауданындағы салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысын аралап көрген қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай, деді.
Миллионды қала басшысы мердігерлерге қиын-қыстау кезеңде жұмыссыз жүрген азаматтарды құрылысқа тартуға шақырды. Дегенмен жұмысшылардың денсаулығын жіті бақылауда ұстауды тапсырды. Мұрат Дүйсенбекұлы қазіргідей кезеңде көпшілікті өз денсаулығы үшін, қауіпсіздігін ескеріп, үйлерінде отыруға шақырды.
Қала әкімі барған нысанның бірі 16 қабатты «Француз» стиліндегі 4 үй. Құрылысты «Отау Строй» компаниясы жүргізіп жатыр.
Бас Инженер Абжат Акимовтың айтуынша «360 пәтерлі тұрғын үй жұмыстарының негізгі бөліктері аяқталған. Қазір ішкі жөндеу және қас беттенін қаптау жұмыстары жүріп жатыр. Құрылысқа 3 миллиард 955 миллион теңге қаралған. Қала аумағында карантин жариялануына байланысты шеттен келіп жұмыс істейтін қызметкерлердің бірқатары келе алмай қалған.
Қазір жергілікті азаматтарды жұмысқа тарту бойынша өтімдер қабылданып жатыр. Оған қоса қалалық жұмыспен қамту орталығына жалпы қала аумағындағы құрылыстарға қажетті 443 құрылысшы маманға сұраным берілген.
Нысанды аралап көрген қала әкімі қажетті құрылыс материалдарын тасымалдаушы көліктерге қалада жүріп тұруына ешқандай кедергі болмау керектігін атап өтті. Оған қоса қажетті құрылыс заттарын сататын көтерме қоймаларға да мүмкіндік жасалғанына тоқталды. Құрылысшылармен сөйлескен Мұрат Дүйсенбекұлы мердігерге тұрғын үйді, Қала күніне орай тапсыру керектігін ескертті.
«Шымкент сити» шағынауданының жалпы ауданы 427 га, 12 орамға бөлінген. Соның ішінде, мемлекеттік қаржысы есебінен 24,5 га құрайтын 1-ші орамда жалпы құны 27 млрд.теңгеге 43 нысанның құрылысы жоспарланған.
Оның 39-ы көпқабатты тұрғын үй. 1200 орындық меткеп құрылыс бітіп тұр. Енді сол маңнан балабақша салынады. Қажетті инженерлік-инфрақұрылым тартылған. Өз алдына модульді жылыту қазандығы бар. Ол мекемелер мен тұрғын үйлерді жыл он екі ай ыстық сумен қамтиды. Бүгінгі таңда «Шымкент сити» алабындағы 25 нысан пайданауға берілген. 23 көп қабатты тұрғын үйдегі 1290 пәтер ел игілігінде.
Ағымдағы жылдың тамыз айында 1048 пәтерлі 16 кредиттік тұрғын үй мен 2 инженерлік инфрақұрылым нысаны пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар, шағын ауданда 4,3 млрд.теңгеге жалпы ұзындығы 13,8 шақырымды құрайтын 7 көшенің құрылысы биыл аяқталмақ.
Шымкент қаласында 2020 жылы барлық қаржы көздері есебінен 13 636 пәтерлі 252 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жалпы ауданы 1 миллион шаршы метрді құрайды.
Оның ішінде, 78 тұрғын үй бюджет, 48 үй «Shymkent» ӘКК» АҚ және 126 үй жеке салушылар есебінен жүргізілуде.
Мемлекеттік инвестициялар есебінен 126 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жоспарланған. Ағымдағы жылы 107 көпқабатты тұрғын үй немесе 6 213 пәтер пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, нарықтан 696 арендалық пәтерді сатып алынады.
Төтенше жағдайға байланысты қаладағы құрылыс нысандарында бірқатар мамандарға сұраныс артқан. Атап айтқанда бетоншы, қыш қалаушы, сылақшы және қарапайым дәнекерлеуші. Қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамту орталығына сұраныс берілген.
Құрылыс қарқынын бағамдап шыққан қала әкімі Мұра Әйтенов мердігерлерге билік тарапынан барлық мүмкіндік қарастырылғанын өз кезегінде компаниялар құрылысты сапалы әрі уақытылы тапсыру керектігін ескертті.