Ең маңыздысы — ел бірлігі
Қазақстан халқы Ассамблеясы – 25 жыл
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында түрлі этнос өкілдерінің өнегелі азаматтарының еңбектеріңе тоқталып, таныстырып өтсек дейміз.
Қазақстандағы өзбек диаспорасының өкілі, алтын құрсақты ана Ходжиметова Парахат Шымкент қаласының тұрғыны, ол қоғамдық жұмыстарды жас кезінен атқарған. «Ең маңыздысы ел ішінің тыныштығы және біздің өзара ауызбіршілігіміз» деген Парахат ана кейінгі буын жастарға демеушілік етіп келеді. Ол 1946 жылы 27 қыркүйекте Шымкент қаласында дүниеге келген. 1953 жылы 1 сыныпқа барып, 1966 жылы Шымкент қаласындағы Ұлықбек атындағы №3 мектепті бітірді. Мектепті бітіргеннен кейін 1967 жылы Шымкент қаласындағы «Восход» фабрикасына тігінші болып жұмысқа орналасты.
1987 жылдан 1998 жылға дейін киномеханикалық зауытта қойма меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1998 жылдан бастап «Престиж» ЖШС құрылыс дүкенінің директоры. Ходжиметова Парахат 11 бала мен 21 немере тәрбиелеп отыр.
Ол № 4 Сайрам балалар үйіне материалдық және демеушілік көмек көрсетеді, сондай-ақ Забадам кентіндегі және М. Шоқай тұрғын алабындағы мешіттердің құрылысына материалдық көмек көрсетті. №11 Наваи атындағы, №14 орта мектептерінің би топтары Шымкент қаласының № 13 және оның басшылығымен және демеушілігімен Алматы, Астана, Павлодар және Ақтөбе қалаларында Қазақстан Республикасындағы Халықтар Достығы фестивальдеріне қатысты.
Қарттар мен мүгедектерге, музыкантқа, жазушылар мен суретшілерге материалдық көмек көрсетеді. «Қайғы ескертусіз келеді» акциясын өткізу барысында Сарыағаш, Отырар және Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетті.
Ходжиметова Парахат Шымкент қаласы әкімінің грамотасымен марапатталды. Астана қаласының 10 жылдығына арналған мерекелік медальмен, «Шапағат» медалімен және Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Бірлік» қоғамдық Алтын медалімен марапатталған. Он бір баланы тәрбиелегені үшін алтын құрсақты ана «Алтын алқа»орденімен марапатталды.
Ол Қазақстанда тұратын халықтар арасындағы достықты, бірлікті нығайтуға бағытталған ҚР «Дўстлик» өзбек қауымдастығы өткізетін қоғамдық, мәдени-бұқаралық, мерекелік іс-шараларды өткізуге белсенді қатысады және материалдық көмек көрсетеді. Қауымдастық мүшелерінің арасында оның барлық еңбегін ескере отырып, «Шапағат» медалімен және ҚХА-ның «Бірлік» қоғамдық Алтын медалімен марапатталған.