Сәнгер — арнайы шеберлік сыныбын өткізді
Шымкент қаласындағы цирк әртістерінің әр сапары жауапкершілік пен қызыққа толы болары сөзсіз. Шымкент-Цирк мекемесінің барлық соңғы үлгідегі киімдері мен образға сай костюмдерін дер кезінде дайындайтын сәнгер Қызманат әртістерге арнайы шеберлік сыныбын өткізді. Ондағы негізгі мақсат — сапарға шыққанда үстіндегі киімдерін өздері ретке келтіріп, кем-кетігін жөнге салу. Әсемдегіш құралдардың қалай жабыстыру керектігін үйретті, сөгілген тігістерін сырт көзге білінбейтіндей етіп кестелеуді көрсетті, сондай-ақ, үйлесімділікті қалай жөнге салуды сараптап айтты. Бүгінде өнері өрге қарай домалаған әртістердің жауапкершілігі мен талғамы арта түсуде. Сондықтан да олардың үйренуге деген құлшынысы көпті қуантады.