Студенттер Шымкент-Циркте тәжірибе жинақтады

Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ветеринарлық медицина кафедрасының студенттері Шымкент-Цирк мекемесіндегі жануарлар бөліміне экскурсия жүргізді. Кездесу барысында аңдар мен жануарлардың күнделікті қорегінен бастап, оларды күтіп, баптау ерекшеліктері талқыланды. Сондай-ақ, төрт аяқтылардың арнайы екпелері сөз болып, сапарларға шығудағы құжаттарының сақадай сай болуы тілге тиек етілді. Айта кетейік, студенттер арнайы мамандардан көкейіндегі сұрақтарды қою арқылы, өздеріне деректер ала білді. Екі жақты тәжірибе алмасу, мамандардың білім деңгейін жоғарылатып, біліктілігін арттырары сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444