Павел Ким: Димаш Құдайбергендей бүкіл әлемге өз елімді танытқым келеді

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Шымкент қаласында «Ұлт үні» конкурсына корей этносынан үміткер Павел Ким қатысты:

  • Мен Жетісай қаласында туып өстім. Қазір жасым он алтыда, Шымкент қаласындағы «Саз» колледждің бірінші курс студентімін. Бала кезімде көршіміздің Айдана есімді өзіммен құралпылас қызы болды. Оны орыс тіліне жетік болу үшін орыс балабақшасына берді. Мен де сол балабақшаға бардым, есеміне Айдананың арқасында қазақ тілін меңгеріп алдым және жүйрік сөйлейтін болдым. Сол кезден бастап қазақ өнеріне деген қызығушылығым арта бастады.

Мектепте оқып жүрген жылдары қазақ ақындарының шығармаларын, тіпті сабақтан бос уақытта да оқығанды ұнататынмын.

Қазақ халқының музыкалық фольклорына, атап айтқанда Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және басқа да көрнекті қазақ ақындарының өлеңдеріне ерекше қызығушылық таныттым.

Мамандық таңдауға келгенде көп ойланбастан музыкант болуды қаладым. Өйткені, бұл менің бала кезден ккеле жатқан тілегім еді. Қазіргі өнерден Батырхан Шөкенов пен Димаш Құдайбергеновтің шығармашылығын жақсы көремін.

Менің репертуарымда ең сүйікті әндер — «Отан ана» және «Самалтау».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444