Жүйелі жүргізілген жұмыстың нәтижесі
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесінің ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері этнос өкілдері жинақы тұратын Қызылжар, Химфарм, Қаратөбе, Таскен, Ескі қала тұрғын алаптары мен шағынаудандары тұрғындарымен кездесулер өткізіп, осы аумақтардағы этносаралық ахуал зерделенді. Қоғамдық келісім мен татулықты сақтау мәселесіне орай тұрғындар арасында ұдайы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады. Бұл тарапта түрлі ұлт өкілдері арасында түсініспеушілік жоқ. Мұның барлығы да жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесі.