Қоғамдық аккредиттеуден өткізу мәселесі қаралды
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесінде Шымкент қалалық ҚХА аккредиттеу комиссиясының кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде Шымкент қалалық славян этномәдени бірлестігі (төрайымы Романова Н.С.) мен иран этномәдени бірлестігін (төрағасы Сулеймани Мами Гуль-Ахмет-оглы) заң талаптарына сәйкес қоғамдық аккредиттеуден өткізу мәселесі қаралды. Қоғамдық келісім мен татулықты сақтауға қомақты үлес қосатын бірлестік өкілдерінің алар орны да ерек. Осыған сәйкес, аккредиттеуден өткізу мәселесі де өзекті.
Мәжіліске «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының, Шымкент қалалық әділет департаментінің, М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының өкілдері, қаладағы өзге де этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.
Жиын қорытындысымен Шымкент қалалық иран этномәдени бірлестігін қоғамдық аккредиттеуден өткізу жөніндегі ұсынысты ҚР Президенті Қазақстан Халқы Ассамблеясына жолдау жөніндегі шешім қабылданып, бірқатар талаптарға сәйкес Шымкент қалалық славян этномәдени бірлестігін қоғамдық аккредиттеу мәселесін қарау келесі отырысқа қалдырылды.