Интернет арқылы сатып алушылардың назарына!

Қазіргі таңда, көптеген дүкендер сауданың электронды нұсқасына көшуде. Онлайн-сауда салмақты интернет-құраушыға айналуда.
Интернеттің пайда болуымен интернет-алаяқтар да пайда болуда.
Интернет арқылы сатып алу кезінде Сатып алушы тауарлардың өте төмен құнына назар аударуы керек. Сатып алудан бұрын компания туралы қолда бар ақпаратты біліңіз: оның кеңсесі, сауда алаңдары және аймақтық өкілдіктері, нақты байланыс деректері бар ма?
Егер интернет-ресурс ұзақ жұмыс істеуге ниеттенсе, «Байланыстар» бөлімінде нақты пошталық мекенжайы, бірнеше телефон нөмірлері, факс, банк шоттары бойынша деректер, есепке қою туралы куәлік көрсетілу қажет.
Төлем ақпаратын мұқият тексеріңіз: егер интернет арқылы өнімді сатып алу оның толық немесе ішінара алдын-ала төлемін талап етсе, онда бәрі дүкен иесінің адалдығына негізделген. Сатушы мен сатып алушы арасында жазбаша келісімшарттар, кассалық чек немесе сатып алудың басқа растау құжаттың жоқ болуы, бұл тауарды алуға немесе қайтаруға кепілдік жоқ дегенді білдіреді. Сатушы уәде етілген міндеттемелерді орындамаған жағдайда сатып алушыға өз құқықтарын сотта қорғау мүмкін емес.
Интернет-дүкен қызметтерінің белсенді пайдаланушылары бейнекамераға тауарды ашу сәтін түсіруге кеңес береді: пакеттің ішінде каталогта болған нәрсе болмауы мүмкін.. Егер сізде бейне болса, Сатып алушы тауарды алмастырды деп айыпталмайды, оны басқасына айырбастауға немесе ақшаны қайтаруға қол жеткізуге болады.
Электрондық сауданы жүзеге асыру тәртібі «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы» және т. б. ҚР Заңдарымен реттелетінін атап өткен жөн.

Осы заңнамалық актілермен тұтынушылардың құқықтары, оның ішінде тауар туралы, сондай-ақ сатушы туралы толық дұрыс және уақтылы ақпарат алу құқығы, тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастау және қайтару тәртібі регламенттеледі.

Шымкент қаласы бойынша

Сауда және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаменті

бас маманы А.Нұрғали

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444