«Бақытты ана болу өз қолыңда» тақырыбында қыздар арасында жиын өтті

Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық
демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамымен Шымкент қаласындағы Мирас университетінің студенттерімен «Бақытты ана болу өз қолыңда» тақырыбында қыздар арасында жиын өтті.
Жиынға дін мәселелерін зерттеу орталығы, «Ана үйі» қоғамдық қоры, №45 мектеп-гимназиясының директоры, Облыстық кардиологиялық орталығының дәрігері, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша студент қыздардың тарапынан қызығушылық танылып, сұрақтар қойылды және толық жауап алынды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444