Ұлтаралық татулықты нығайтуда этномәдени бірлестіктердің рөлі зор

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА – 25 ЖЫЛ!

Мақалада Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласындағы өзбек мәдени бірлестігін басқарған қоғам белсенділері, яғни өзбек этномәдени бірлестігінің әр жылдардағы төрағалары, олардың атқарған жұмыстары баяндалады. 

Қазақстандағы этномәдени бірлестіктер ұлтаралық татулықты нығайтуда іс-шараларға белсенді атсалысуда. Өзбек мәдени орталығын 1992-1999 жылдар аралығында мемлекет және қоғам қайраткері, Сайрам мен Сарыағаш аудандарының, әрі Түркістан қаласынының құрметті азаматы Махаммадрасул Исақов жемісті басқарды. Ол өзінің мол іс-тәжірибесіне сүйене отырып болашақ үшін лайықты кадрларды, мұрагерлерді дайындады. 1999 жылы М.Исақовтың ұсынысымен Икрам Акрамұлы Хашимжанов өзбек мәдени орталығының төрағасы болып сайланды. Ал М.Исақов орталықтың бірінші құрметті төрағасы ретінде тарихта қалды.

Икрам Хашимжановтың келуімен орталықтың жұмысы одан әрі жандана түсті, жігерді, белсенді жас төраға көптеген істерді атқаруға мүмкіншілігі барлығын таныта білді. Ол бұрыңғы төрағаның берген кеңесін өз іс-тәжірибесінде қолдап, бірталай жетістіктерге жетті. Білгір, лайықты кадрларды тани білді. Орталық жанындағы кеңестер мен ұйымдардың жемісті іс-әрекетіне аса көп көңіл бөлді. Облыстық өзбек мәдени орталығының республика көлемінде беделінің асыуында орталық төрағасының үлесі мол. И.Хашимжанов Қазақстанда достық пен ұлтаралық татулықты нығайтуға қосқан орасан зор еңбегі үшін II дәрежелі “Достық” орденімен, қатар мерейтойлық медалдармен, түрлі деңгейдегі құрмет грамоталарымен марапатталған. 2006 жылы ОҚО Әкімінің “Бауырмал” сыйлығының лауреаты болды. Ол Қазақстан журналистер одағының мүшесі, “Нұр Отан” партиясының республикалық Саяси кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ ның саяси бюросының мүшесі,облыс Әкімінің қоғамдық негіздегі кеңесшісі әрі Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары, облыстық ІІД мен облыстық прокуратура жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі, облыстық сот қасындағы медиация кабинетіның мұшесі, әрі Халықаралық Әмір Темір қорының Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімінің төрағасы ретінде қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысып келуде. Оның 2011 жылы ҚХА ның XVII сессиясында жасаған баяндамасын көптеген саяси сарапшылар жоғары бағалады.

Саид Турсунметовтың орталыққа келуімен жастар қанатының жұмысы одан әрі жандана түсті. Ол өз айналасына белсенді жастарды жинап, 2003 жылдың 14 қаңтарында өзбек мәдени орталығының жанындағы жастар ұйымының алғашқы жиналысы өтіп, ұйымның негізі қаланды. Жастар ұйымының өмірінде Мирвахид Миразизов, Захид Хаджиматов, Вахид Байболатов, Бахрам Маманазаров, Мақсад Нуралиев, Алишер Усманов, Хаят Исмаилов, Мунаввар мен Саида Қырғызбаевалар, Жамшид Асанов, Зиядбек Орманов, Хасан Суярқулов, т.б. белсенділік танытты. Фархад Қырғызбаев пен Сарвар Ормановтар оларға өз кеңестерімен көмек беріп отырды. Жастар ұйымы қатар жобаларды іске асырды. 2003 жылдың 26 наурызында ұйым құрамында республикада алғаш рет Өзбек ҚТК (КВН) Лигасы құрылды. Лигада облысымыздағы өзбек мектептері мен жоғары оқу орындарының жалпы 44 командасы ойын көрсетіп, екі рет облыс біріншілігі өткізілді. “Нағашылар” өзбек құрама командасы 2004 және 2006 жылдары Қазақ ҚТК Лигасы Одағының чемпионаттарында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, “Өзбегім жауһарлары” сұлулық (арулар) байқауы, “Балалық шағым – падшалық шағым” қайырымдылық акциясы, “Жастар кеші”, түрлі сала өкілдерімен кездесулер, сенбіліктер, спорт ойындары, т.б. көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. “Жанубий Қозоғистон” облыстық қоғамдық-саяси газетімен бірлесе отырып “Руқия” тойханасында екі рет “Ислам мен қоғам”атты пікірсайыс кеші ұйымдастырылып, бұл кеште тек қана облысымыздағы түрлі дін конфессияларының өкілдері ғана емес, Кувейт мемлекетінен арнайы келген ғұламалар да қатысты. Ұйымның белсенді мүшесі Динара Ирисметова “Мисс Казахстана” арулар байқауында жемісті қатысып, жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Ғайрат Қырғызбаев, Бегмат Турдиқулов.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444