Өзбек этномәдени бірлестігінің құрылу тарихы

Қазақстан халқы Ассамблеясына – 25 жыл!

Мақалада Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай Шымкент қаласындағы өзбек диаспорасына және Қазақ еліне еңбегі сіңген тұлғалар таныстырылады. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы мен рөлі ерекше басымдықпен айтылады. 

Кеңес Одағы ыдырап, оның құрамындағы кеңестік республикалар тәуелсіздік иісін іскеп жатқан бір кезеңде ұлттық мәдениет, ұлттық идея, ұлттық тұжырым сияқты түсініктер дүниеге келді. Әрбір кеңестік республика өз алдына дербес бір мемлекет ретінде дүние жүзін көрді, демократиялық принциптерге негізделген құқықтық-азаматтық қоғам құру мәселесін алға қойды. Дана да дара Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің салиқалы саясатының арқасында көпұлтты кең байтақ елімізде өзге кеңестік республикаларда болған келеңсіздіктер, ұлтаралық қақтығыстар бой көрсетпей, Қазақстанды мекендеген 138 ұлт пен ұлыс Ұлттық Лидер – Президент Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық идеясы – бірлік туы астында тыныш-тату, достықта өмір сүруді жөн көрді. Елбасымыздың ұлтаралық татулықтың дүниеде ұқсасы жоқ механизмін – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясының теңдесі жоқтығын бүгін әлем мойындап отыр. Бұл қоғамдық институт Қазақстанды мекен еткен барлық ұлт пен ұлыстардың тілін, мәдениеті мен әдет-ғұрыпын сақтау, ұлтаралық татулықты нығайтуда маңызды рөл атқарады. Тұрақтылық пен бейбітшілік орныққан мемлекет әрқашан дамуы, экономикалық өсуі, көздеген ұлы мақсаттарына жетуі сөзсіз. Бұл мемлекетке мадақ та, той да жарасымды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының IX сессиясында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «ҚХА жаңа кезеңде ұлттық саясатты жүзеге асырудағы дара қоғамдық институт болды», деп сипаттаған еді. Расында да, 1995 жылдың 1 наурызында ҚР Президенті жанында консультативті-кеңесші орган ретінде дүние жүзін көрген Қазақстан халқы Ассамблеясы өткен 25 жыл ішінде “ұлтаралық татулықтың қазақстандық моделі” екенін дәлелдей алды. Бұл қоғамдық институтқа 2007 жылы конституциялық статус берілгені, елімізде мекендеген этностардың 9 өкілі ҚР Парламенті Мәжілісіне арнайы сайлау арқылы сайлануы Ассамблеяның беделі жоғарылағанын көрсетеді. Осы арнайы квота арқылы сайланған депутаттар арасында өзбек ұлтының көрнекті өкілі Розақұл Халмурадовтың барлығы бізге қуаныш сыйлайды. ҚХАнан сайланған депутаттар елімізде ұлтаралық татулықты әрі қарай дамытуда бар күш-жігерлерін салуда. Тұрақтылық пен бейбітшілік орныққан Отанымыздың – Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты Жолдауында алға сүрген идеясы – мемлекетіміздің дүниенің дамыған 30 мемлекеттері қатарына қосылуына барлық қазақстандықтар шын жүрекпен сенеді әрі сеніммен өмір сүруде. Елбасымыздың “Мәңгілік ел” ұлттық идеясы мемлекетіміз тарихындағы жаңа кезеңнің кәміл біртұтас келбеті.

Бұрыңғы Кеңес Одағында қайта құру саясаты жүзеге асып жатқан бір кезеңде қазақстандық өзбектер де өз тілін, мәдениеті мен әдет-ғұрпын, дәстүрін сақтау әрі дамыту мақсатында елімізде алғашқылардан болып өз қоғамдық ұйымын құрды. 1989 жылдың 28 қарашасында Шымкент қаласындағы облыстық филармония ғимаратында болып өткен алғашқы құрылтайда Шымкент қалалық өзбек мәдени орталығының негізі қаланды. Осы беделді жиында облыс пен қала атқару комитеттерінің төрағалары, өзбек халқының беткетұтар азаматтары, көрші Өзбек елінен келген қонақтар қатысты. Құрылтайда қоғамдық ұйымды құру мәселесі талқыланып, бір дауыстан мақұлданды әрі өзбек мәдени орталығының басқару органы мен тексеру комиссиясы мүшелері сайланды, орталықтың Жарғысы мен жұмыс жоспары бекітілді. Құрылтайды шақыру мен өзбек мәдени орталығын құруда осы кездегі Шукруллаһ қажы Мухаммеджанов, филармония директорының орынбасары Икрам Ниязов, зиялы қауым өкілдері Эргаш Юлдашев, Сабыржан Нурматов, Эшполат Қырғызбаев, Абубакір Қараходжаев, Фархад Асилов, Тұрдалы Усманов, т.б. белсенділік танытты. Шымкент қалалық өзбек мәдени орталығының төрағалығына зиялы қауым өкілі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Шымкент педагогика институтының аға оқытушысы Сабыржан Нурматов сайланды. Орталық жұмыс жоспарына сәйкес бірталай істерді атқарды. Өзбек ұлтының өкілдері көп шоғырланған Сайрам мен Түркістан аудандарында, кейінірек облысымыздың басқа аудандарында да бірте-бірте өзбек мәдени орталықтары ашылып, өз жұмыстарын бастады. Сол кезде қала мен аудандық өзбек мәдени орталықтарының арасында ешқандай құрылымдық байланыстың жоқтығы аңғарылып, өзбек халқының зиялы қауым өкілдері өзбек мәдени орталығын құру тұралы жедел шешім қабылдады. Шымкент қаласының белсенді өзбек азаматтары аудандарда болып, осы мәселе төңірегінде халықпен талқылау жүргізді, өзбек мәдени орталығының төрағасының кандидатурасын да талқылау шеңберінде қарады. Төрағалыққа бір дауыстан зиялы қауым өкілі, ұзақ жылдардан бері партия комитетінде түрлі лауазымдарда еңбек еткен мемлекет қайраткері, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Сарыағаш аудандары және Түркістан қаласының  құрметті азаматы, Махаммадрасул Исақовтың кандидатурасы мақұлданды. 1992 жылдың 26 ақпанында Шымкенттегі Мемлекеттік сауда қызметкерлері клубында кезектен тыс шақырылған құрылтайда өзбек мәдени орталығының негізі қаланды әрі оған бір дауыстан М.Исақов төраға етіп сайланды. Құрылтайда облысымыздың өзбектер мекендеген барлық аудандарынан өкілдер қатысып, өз пікірлерін білдірді. Өзбек мәдени орталығының басқару органы мен тексеру комиссиясының мүшелері, Жарғысы мен жұмыс жоспары бекітілді, орталық құрамында ақсақалдар мен әйелдер кеңестері, жастар мен өнерпаздар ұйымы құрылды, басқару органына барлық аудандардан өкілдер енгізілді.

Содан, 1989 жылдың 28 қарашасы күні құрылған Шымкент қалалық өзбек мәдени орталығына жаңа статус беріліп, өзбек ұлтының тарихында жаңа кезең басталды. Шымкент қалалық әрі Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек мәдени орталықтарының құрылыуында белсенділік танытқан өзбек халқының біртуар азаматтарын айта кетсек: Шукруллаһ қажы Мухаммеджанов, Эргаш Юлдашев, Икрам Ниязов, Эшполат Қырғызбаев, Сабыржан Нурматов, Абубакр Қараходжаев, Фархад Асилов, Турдали Усманов, Акмал Атажанов, Махкам Арипов, Фатих Мусаев, Ғайрат Қырғызбаев, Эрназар Розметов, Сабыржан Бекмурадов, Зикрулла Убайдуллаев, Эркин Жорабеков, Мирсали мен Мириляс Мирқадировтар, Рахматулла Тойчибаев, Махаммаджан Эрметов, Мадали Мухиддинов, Талат Махмудов, Қудрат Халметов, Самуғ Нарметов, Мубарак Имамсаидов, Юлдаш Исамиддинов, Бегмат Турдиқулов, Һикмат пен Марһаба Абдиевтер, Абдуғаппар Абдураимов, Хамза Султанбаев, Хайдар Мирзақулов, Ирисали Жуманов, Турсунходжа Ханходжаев, Сайдулла Махмудов, Махмуджан Ирисметов, Абдусаид Қараходжаев, Хавазмат Юнусметов, Файзулла Икрамов, Абдували Абдухалиқов, Махмуджан Ишметов, Ғани Мухаммедов, Ниязали Юлдашев, Абдуфаттах Абдуазимов, Ахмаджан Анарбаев, Рахимжан Юнусов, Ирисқул Айтметов, Мирахмад Мирхалдаров, Ирисмат Юнусметов, Абдулла Абдуқадиров, Минияз Бекметов, Илаш Махмудов, Илаш Туяқов, Махаммад Саидов, Абдували Масумов, Матяқуб Алимов, Убайдулла Режаметов, Абдурасул Ирметов, Қурбантой Ташходжаев, Момин Фазилов, Абдумажид Муханов, Мирзали Тұрғынбаев, О.Ишметов, Назир Халбаев, Маматай Ирисқулов, Немат Мухаммаджанов, Нематжан мен Яқубжан Нарметовтар, Бахтияр Қадирбеков, Шухрат Ибрагимов, Мурад Каримбаев, Абдували Разметов, Турсунай мен Нурали Исмаиловтар, Камал Саипов, Хавазмат Қочқаров, Хамрақул Давранбеков, Рахбарай Махаммаджанова, Толаган Орынбаев, Рахимжан Розметов, Султан Бабаханов, Р.Раимқулов, А.Саидарипов, К.Шаманов, Ю.Ашурметов, К.Шамансуров, Юсуфжан Сайдалиев, Парпи Бабаев, Махаммаджан Рафиқов, Мухтар Мухаммедов, Ибраһим Һуккиев, Султаннияз Ғаипов, Рустам Ғаипов, Захида Ишанова, Зухра Нарметова, Умриниса Мусаева, Эркинай Султанова және тағы басқалар.

 

Ғайрат Қырғызбаев, Бегмат Турдиқулов,

Саид Турсунметов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444