ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ҚАЗАҚ ЕЛІ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына биыл – 25 жыл. Ассамблея бүгінде еліміздің тек Конституциялық кеңесші органы ғана емес, мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыратын, тұрақтылық пен этносаралық қатынастарды реттеуге үлес қосатын ұйым.

Қазақ елінің дархандығы мен Елбасының сындарлы саясатының арқасында этнос өкілдері ана тілін, салт-дәстүрлерін, діні мен ділін сақтауға мүмкіндік алды.

Қазақ халқында «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген мақал-мәтел бар. Ынтымағы жарасқан елге ғана бақ қонады. Облысымызда түрлі этнос өкілдері бірлікпен елдің дамуына, ұлы Отанымыз – Қазақстанды өркендетуге үлес қосып келеді.

«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы атаулы мереке. Қазақстан аумағында тұрып жатқан этнос өкілдері қатарында тәжік этнос өкілдері де бар. Олар достық пен ынтымақтың алтын көпірі болған дархан даламызда бейбіт күн кешуде.

Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз, біз қазақтың кең байтақ жерінде өмір сүріп жатырмыз. Біздің ортақ парызымыз ол – рухани және мәдени мұраларымызды сақтау, халықтың бірлігі мен еліміздің тұрақтылығын нығайту. Әрбір қазақстандық еліміздің дамуына, әлем елдерінің 30 дамыған мемлекеттер қатарына қосылуға өз үлесін қосуы қажет деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444