Ассамблеяның негізгі міндеті – диаспорааралық келісімді, ел бірлігін нығайту

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы

Ассамблеяның негізгі міндеті – қоғамда диаспорааралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, мемлекетқұрушы қазақ ұлтының дәстүрі мен тілін дәріптеу арқылы диаспоралар мәдениетінің сақталуына жағдай жасау, қоғамдық келісімді қолдау және дамыту. Сонымен қатар, Қазақстан халқы ассамблеясы мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді.
Ассамблея құрылымдық жағынан ассамблея сессияларынан, ассамблея кеңесі мен хатшылығынан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың ассамблеяларынан тұрады. Ассамблея сессиясы Қазақстан Республикасының Президентінің белгілеуі бойынша, қажеттілікке қарай, жылына кемінде бір рет шақырады. Ассамблеяның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарын – этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерін, мемлекеттік органдар өкілдерін және қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұлғаларды қамтиды.

2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді, бұдан кейінгі жылдардан бастап Қазақстан халқы ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, соның нәтижесінде ассамблея ҚР Парламенті Мәжілісіне мемлекетқұрушы ұлт қазақтың өзін қосқанда тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.  2008 жылғы 20 қаңтарда еліміздің Президенті «Қазақстан халқы ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналды. Басында тек руханият, тіл және мәдениет саласындағы іс-шаралармен ғана шектеліп қалуға тиіс ассамблея қызметінің нормативтік-құқықтық негіздері айқындалып, саяси өмірге де араласуға бет алды.  Ең қызығы, негізін қазақ даласына әр қилы саясатпен жер аударылып келген диаспоралардың ұрпақтары құрай отырып, олар мемлекеттік ұлттық саясаты әзірлеуге және жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етуге күш салды. Бұл – Қазақстан Республикасының Президентінің жасап отырған жақсылықтарының бірі екенін баса айтуымыз керек.  Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм (қазақ патриотизмі емес екенін белгілі), Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени саласын одан әрі дамытуға, бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444