Заңға қайшы астыртын жарнама анықталды
Қаламыздың қақ орталығында орналасқан көшелер мен үйлердің аулаларында есірткінің виртуалдық дүкеніне сілтеме жасайтын жарнамалар жазылғаны анықталды. Осы орайда, Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының Аутрич, NEET жастармен жұмыс бөлімі қаламыздағы Ақпан батыр, Ғани Иляев, Желтоқсан және Бауыржан Момышұлы көшелері бойында заңға қайшы өрескел есірткі жарнамаларын өшірді.