«Мейірімді жүрек» деп аталатын қайырымдылық кеші ұйымдастырылды
Шымкент қаласы №7 Қ.Спатаев атындағы мектеп-лицейінде «Мейірімді жүрек» деп аталатын қайырымдылық кеші ұйымдастырылды. Аталған кешті Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Қалдықараев Құдайберген Мақұлбекұлы мен мектеп директоры Раушан Алмаханқызы ашып берді. Мектептің өнерлі оқушылар ән мен күйден тарту жасап, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады. «Мейірім» қайырымдылық порталы мен «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорының қызметкерлері мүмкіндгі шектеулі балаларға сыйлықтар таратты. Кешті қорытындылаған «Мейірім» қайырымдылық порталының директоры мен Шымкент қаласы әкімдігінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік қызметкері Рахима Алтынбекқызы қорытындылап, әсерлі кештің өтуіне атсалысқан мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.
Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты