Әдеби-музыкалық апталығы онлайн форматта өтуде

Бүгінгі таңда Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Онлайн бағытында өтіп жатса да шараға қатысушылардың қатары қалың. Жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатқан шараларға жоғары баға беретіндер де көп. Оған мысал… Жуырда Шымкент қалалық славян этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Есенинская осень 2020» әдеби-музыкалық  апталығы онлайн форматта өтуде. К Есенин шығармаларының орыс поэзиясы әлеміндегі алатын орны ерекше екені белгілі. Әсіресе, оның лирикалары сезімге бай сыршылдығымен, тілге бай шеберлігімен, шыншыл, қарапайымдылығымен өзіне тартып, жаныңды баурап алатындығын алға тартатындар көп.
Шымкент қаласының тұрғыны Игорь Александров: «Сергей Есениннің өлеңдері сезімге тұнып тұр. Ақ пейілді адал жанның жүрегін тебіренткен ішкі тылсым дүниесін еш бүкпесіз алдыңызға жайып салады. Дәл қазіргі уақытты суреттеп тұрғандай күйге енесің. Рухани жан байлығын сезінесің. Басқаны қайдам, өзім С. Есениннің сырға толы өлеңдерін жаныма жақын қабылдаймын» дейді. Әдеби-музыкалық  апталыққа онлайн форматта қатысқан қала тұрғыны кештің керемет ұйымдастырылғанын тілге тиек етті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444