2020 жылы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізіледі
Шымкентте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша 667 688 азамат қамтылған.
Қала аумағында орналасқан 18 ірі кәсіпорын базасында емханада бекітілген кестеге сәйкес МӘМС ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау саласындағы жаңа өзгерістер мен медициналық сақтандыру жүйесіне дайындық деңгейі бойынша өткен баспасөз брифингінде қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Мархабайұлы Байдувалиев мәлімдеді.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды — инновациялық даму басқармасының мәліметі бойынша, қалада бекітілген жоспар бойынша 375 кәсіпорын мен 35 базар және 10 сауда орталығында түсіндіру жұмыстары жүргізілген.