Жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында соғылады

Түркістан облысындағы Созақ ауданында былтырғы жылы 35,2 шақырымды құрайтын 28 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал биылғы жылы жалпы ұзындығы 42,1 шақырымды құрайтын 34 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Өткен жылы екі жекеменшік балабақша, Шолаққорған ауылында 75 орындық «Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасы мен Созақ ауыл округінде «Айдын» бөбекжай-балабақшасы пайдалануға беріліп, 175 бала балабақшамен қамтылған. Биылғы жылы «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен 90,1 пайыз қамту көзделіп отыр. Оқушылардың білімі мен тәрбиесін одан әрі жақсарту мақсатында 3-ші, 6-шы, 8-ші және 10-шы сыныптар кітаппен 100 пайыз қамтамасыз етілетін болады. Биыл аудан мектептерінен 1400 баланы жазғы сауықтыру орнына жібер­мек. Сонымен қатар, балалар жазғы сауықтыру орталығын ашу мақсатында арнайы жер таңдалып, қазіргі таңда құ­жаттары рәсімделуде. Аталған жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында соғылады.
Былтыр 6 спорт алаңшасы пайдалануға беріліпті. «Инкай» ЖШС-нің демеуші­лігімен Шолаққорған ауылында спорт нысаны, Құмкент ауылында балалар ойын алаңы ел игілігіне берілген. Сонымен қатар, Шолаққорған, Тасты, Таукент, Қаратау ауылдарында спорт алаңшасы ашылған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444