Медициналық тіректердің құрылысы басталуда

Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында халық денсаулығын сақтау бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Ауданда 49 медициналық мекеме болса, оның 30-ы типтік жайда орналастырылған. 2018 жылы 7 елді мекенде (Алмалы, Мәдениет, Талап, Қаратас, Жыланды, Кеңес, Алғабас елді мекендері) медициналық тіректердің құрылысы басталуда. 2019-2020 жылдар аралығында 4 елді мекенде медициналық тіректер, 2 елді мекенде дәрігерлік амбулатория құрылыстарын жүргізу жоспарлануда. Ауданымыздағы 11 ауылдық округтер орталықтарының  9-да типтік үлгідегі мәдениет үйлерімен қамтылған. Ал, қалған ауылдық округтерде мәдениет үйін салу мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылы Ағыбет ауылдық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Астананың 20 жылдығына,  Бәйдібек ауданының  90 жылдығына, «Тауқұдырет» атанған ақынымыз Орынбай Таймановтың  150 жылдығына арналған ақындар айтысы өтіп, бас жүлде жеңіл автокөлігі жергілікті ақын Біржан Байтуовқа бұйырды. Сонымен қатар, «Тәуелсіздік» алаңында Бәйдібек бабаның тарихына негізделген «Бәйдібек би» 10 минуттық анимациялық  мультфильмнің тұсаукесері өтті.  Сондай ақ, облыс әкімдігінің 2018 жылғы 8 маусымдағы жоспар тапсырмасы мен облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 17 сәуірдегі «Оңтүстік Қазақстан облысында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін облыстық, республикалық, халықаралық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №22/269-VІ шешімі негізінде «Қымызмұрындық» облыстық фестивалі Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылдық округіне қарасты «Үлкен Бөген» өзенінің жағалауында ұйымдастырылып өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444