«ҚазТехникас» ЖШС-нің жұмысы қарқынды

Түркістан облысындағы «Тассай» индустриялды аймағында орналасқан «ҚазТехникас» ЖШС-нің жұмысы қарқынды жүргізілуде. Мұндағы өндіріс орнында жарықтандыруға арналған диодты көше және кеңсе шамдары дайындалады. Айта кетейік, бұл — еліміздің Оңтүстік аймағында диодты жарық шамдарын шығаруды қолға алған алғашқы кәсіпорын. Қуаттылығы жылына 18 мың дана көше, 36 мың кеңсе шамын шығаруға жетеді. Жоба құны 500 миллион теңгені құрайды. Кәсіпорын екі жылдан бері 40-тан астам адамды жұмыспен қамтып келеді. Орташа жалақы — 110 мың теңге. Өндіріс орны заманауи технологиямен жарақтандырылған. «ҚазТехникас» ЖШС-нің директоры Сәбит Мұрат алдағы уақытта өндіріс қуаттылығын арттырмақ ниетте. Одан бөлек те көптеген жоспарлары бар.  Зауыт басшысы жұмысшылардың жұмыстарын оң бағалап отыр. Алдағы жоспарларын тілге тиек еткен кәсіпорын басшылығы цехтағы қолмен істелетін жұмысты автоматтандыруға кіріскендерін айтты. Бұл өз кезегінде жарықты үнемдеуге септігін тигізбек. Қаланы жарықтандыруға үлес қосып отырған кәсіпорын өнімдерін шетелдерге де экспорттамақ. Ол үшін өндіріс қуаты толық жетеді. Өндіріс көлемін ұлғайтқан екі жаққа да тиімді. Жаңа жұмыс орындары ашылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444