Жұмыспен қамту мәселелері назардан тыс қалған емес

Елбасы әлеуметтік саланы дамытуға ерекше назар аударуда. Осы тарапта Бәйдібек ауданында толымды тірліктер атқарылуда. Статистикалық мәліметтер бойынша ауданда 53,5 мың халық тұрады. Олардың 96,5 пайызы қазақтар. Өзге ұлттар өкілдерінің үлесі – 3,5 пайыз (күрділер – 2,8 пайыз, орыстар – 0,15 пайыз, татарлар – 0,07 пайыз, басқалары – 0,59 пайыз).

Елімізде ең бірінші құндылық ретінде – адам, адамға жағдай жасау міндеті қойылғаны баршаға белгілі. Сондықтан білім, денсаулық сақтау саласы, жұмыспен қамту мәселелері назардан тыс қалған емес.

2018 жылы 41 отбасына  5162,7 мың теңге көлемінде шартсыз ақшалай атаулы әлеуметтік көмек, 461 отбасына 87262,3,0 мың теңге көлемінде шартты ақшалай көмек төленген. Халықтың білім деңгейін көтеру әрқашанда мемлекет назарында. Аудандағы 12114 оқушы оқитын жалпы және негізгі білім беретін 49 мектептің 37-сі типтік жайда, 12-сі (26,5,%) ыңғайластырылған жайда орналасқан.

Аудан оқушыларының білім сапасын арттыру мақсатындағы жүргізілген жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде 688 мектеп бітіруші түлектердің 452-і (65,6 %) тестілеуге қатысып, 86,2 орталау балдық (2017 жылғы көрсеткіштен 16,04 балл жоғары) көрсеткішпен облыс көлемінде алдыңғы үштіктен көрінді.

Ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысымен «Жиенқұм» (116,8 балл), Ө.Жолдасбеков (108,3 балл), Комсомол (108,3 балл), «Теректі» (98,7 балл), «Қайнар» (98,3 балл) мектептері жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

 

 

 

«Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі балабақшалар саны – 20-ға жетіп (15 – мемлекеттік, 5 – жекеменшік), мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 85,5 пайызды құрады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444