Әлеуметтік-экономикалық даму жоғары

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданының экономикалық әлеуметтік дамуы жоғарылап келеді. Бүгінде түрлі салалардағы даму қарқыны жақсы. Аудандағы жолдарды жақсарту мақсатында 2017-2018 жылдары өтпелі кезеңмен аудандық бюджеттен 964994,0 мың теңге бөлініп  аудандық маңызы бар 4 автомобиль жолдары күрделі жөндеуден (Көктен ата  ауылына   баратын кірме автомобиль жолы,Жаңажол-Айнатас елді мекендері аралығындағы автомобиль жолы, Қақпақ-Сырлысай елді мекендері аралығындағы автомобиль жолы,  Ақпан-Қызылкезең-Атбұлақ елді мекендері аралығындағы автомобиль жолы) және 1 аудандық маңызы бар автомобиль жолы орта жөндеу (Қарабастау – Жеңіс автомобиль жолы) жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылы 617 960,0 мың теңге аудандық бюджеттен бөлініп ауданның елді мекендерінің 28 көшесіне орта жөндеу (49,57 шқ) жұмыстары жүргізілуде. Солардың ішінен 8 көше 2019 жылға өтпелі. Газдандыру жұмыстары бойынша 64 елді мекеннің бүгінгі таңға 36 немесе 56,2 пайызы табиғи газға қосылған. Қазіргі таңда құрылысы аяқталған 10 елді мекенге табиғи газ қосу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аудан бойынша 46 елді мекен табиғи газ жүйесімен  қамтылып, 71,8 пайызды құрайтын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444