Жаңғырту жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданыны бойынша 64 елді мекеннің 63 елді мекені, 99,8 пайызы  электр энергиясымен қамтамасыз етілген. Өгем елді мекені халық саны аз болып, экономикалық жағынан тиімсіз болғандықтан электр энергиясымен қамтамасыз етілмеген. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің  2015-2019 жылдарға арналған,  Қазығұрт ауданындағы электр жүйелерінің құрылысын жүргізу, жаңғырту, қайта құру және техникалық қайта жабдықтау БАҒДАРЛАМАСЫ бойынша 2017 жылы төмендегі жұмыстар атқарылды, оның ішінде:  2017 жылы аудан көлемінде 114,6 млн. теңгеге  8 трансформатор,  35,5 шақырым электр желісі мен 1174 дана электр бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. 2018 ж. шілде айында  Шарбұлақ елді мекеніндегі электр энергияның қуаты жетіспейтін жаңа тұрғын үй аумағын электр жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі басталды, ондағы атқарылатын жұмыстарды нақты айтсақ, 160 кВа-лық 2 трансформатор орнатылып, 700,0 метр 10 кВ-тық жоғару кернеулі  және 7,0 километр 0,4 кВ (СИП) төменгі кернеулі электр желілері тартылды. 2019 ж. Қарабау а.о. Жұмысшы е.м.-індегі электр энергиясы жетіспейтін аумақтарды электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілетін болады. Одан бөлек, 2018 ж. 8 айында аудан көлеміндегі елді мекендерде 64,8 шақырым ескі эл. желісі, 1049 дана эл. бағаналары және 8 дана трансформатор алмастырылды. Бұл жұмыстар ары қарай жыл сайын бағдарламаға сәйкес жалғасын табады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444