Диқандар 68 млн. доллардың өнімін экспорттады

Түркістан облысының шаруалары республикадағы ауыл шаруашылық өнімінің 14,6 пайызын жинап отыр. Биылдың өзінде түстік диқандары 68 млн. доллардың өнімін экспорттаған. Аграрлы аймақтағы жетістіктер мен өзекті мәселелерді басқарма басшысы Серік Тұрбеков баспасөз брифингісінде баяндады. Өңіріміздегі  60 мыңнан аса үй шаруашылықтары мен шағын фермер мүшелері 704 ауыл шаруашылығы кооперативіне бірігіп отыр. «Сыбаға» бағдарламасымен 7 352 бас аналық сатып алынып, тұқымдық түрлендіруге 61 мыңы іріктелген.  Ал,  «Алтын асық» бағдарламасымен 191 мыңнан астам мал асылдандырылуда. Биыл қуаңшылық болса да мал азығының 70 пайызы дайын, — дейді басқарма басшысы. Ағымдағы жылы 448 мың га суармалы жерді игеру тапсырмасы беріліп, тапсырма 3,3 пайызға артығымен орындалды. Су реттегіш қоймалардағы су қоры 1-ші тамызға дейін жетеді. Басқарма басшысының сөзіне сенсек, бұл мәселенің шешімі табылған сыңайлы. 2018 жылға эпизоотиялық іс-шараларды атқаруға мемлекет тарапынан 31 млн. доза вакцина жеткізілген. Бұл дәрілер 14 аса қауіпті ауруға қарсы профилактикалық және диагностикалық іс-шара жүргізуге жетеді. 6 айлық жоспар толығымен орындалды. Аса жұқпалы ауруларға қарсы ауыл шаруашылығы жануарларын егу жұмыстары веб-порталдық базаға жүктелген. Түстіктегі ірі қараның 79%, уақ малдың 77% арнайы жүйеде тіркеулі.

К. ДҮЙСЕНБІ

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444