ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛГЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Парасат» басқармасының басшысы Г.Дулатова  Университеттің «Филология» факультеті, «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебі топ тәлімгерлерімен «Парасаттылық дәрістері» аясында онлайн кездесу өткізді.

Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт және Әдеп кодексі нормалары түсіндіріліп, құқықтық мәдениетті арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

Сонымен қатар, Гүлбақыт Дулатова жемқорлықтың алдын алу мақсатында  атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып,   «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген жаңашылдықтармен таныстырды.

Сондай-ақ, пара алу, пара беру, делдалдық ету әрекеттеріне көрілетін жаза түрінің қатаңдатылғанын ескертіп, жиынға қатысушыларды парасаттылық құндылықтарын дәріптеуде бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444