ШЫМКЕНТТІК ЖАС СУРЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкентте Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: қоғаммен байланыс» тақырыбында форум өтті.

«Antikor ortalyǵy» алаңында ұйымдастырылған форумға мегаполис әкімі М.Әйтенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали, қоғам қайраткерлері — ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері М.Байғұт пен Ш.Мырзахметов, арнайы мониторингтік топтың, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, «Шымкент – адалдық алаңы» және мемлекеттік органдардың өкілдері мен қоғм белсенділері қатысты.

Аталған жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Жастардың әлеуметтік және тұрақты даму қоры» қоғамдық қоры Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қолдауымен  өткен «Адал еңбектің жарқын бейнесі» жас суретшілер байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауға Шымкент қаласының  7-9 сынып оқушылары қатысты.

Қорытындысы бойынша І-орынды №6 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Ирсалиев Абдугафар, ІІ орынды №88 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Абдуқадыр Толғанай иеленсе, ІІІ-орынға №41 А. Макаренко атындағы мектеп—лицейінің оқушысы Ли Виктория лайық деп танылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сурет байқауы — көркем өнер саласындағы дарынды балаларды анықтап, жас таланттарға Қазақстан бойынша танылуға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444