ШЫМКЕНТ: АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ АҚЖОЛ ҚАЛШАБЕКТІҢ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

А.Пушкин атындағы облыстық ғылыми- әмбебап кітапханасында филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы, әдебиеттанушы ғалым, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Ақжол Қалшабектің Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай тұңғыш жарық көрген еңбек «Елдік сұлбасы немесе ұлттық рух жайлы толғаныс» кітабының тұсаукесері өтті. А.Пушкин атындағы облыстық ғылыми- әмбебап кітапханасында филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы, әдебиеттанушы ғалым, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Ақжол Қалшабектің Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай тұңғыш жарық көрген еңбек «Елдік сұлбасы немесе ұлттық рух жайлы толғаныс» кітабының тұсаукесері өтті. Кітап 2 тараудан, сонымен қатар 25 жылғы зерттеуден тұрады. Дін, ұлттық тарих, әдебиет, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тұлғалар тағылымы тағы басқа өзекті мәселелер автордың осы еңбегінде жан-жақты әрі ерекше стилде сараланған.

Кітаптың тұсауын ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы, ғалым, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Х.Есенқарақызы кесті. Сонымен қатар М.Әуезов атындағы ОҚУ «Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі» проректоры, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков авторды жарық көрген еңбегімен құттықтап, жүрекжарды лебізін арнады. «Кітап ұстазымның көп жылғы ізденісінен туған. Бүгінгі ХХІ ғасырда актуалды және өзекті тақырыптардың біріне айналған адалдық, парасаттылық, әділдік сынды құндылықтар осы кітапта жан-жақты сараланған. Еңбек 2 бөлімнен тұрады, сонымен қатар тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңына орай биылғы жылы тұңғыш жарық көріп отырған жөні бөлек, жосығы ерек еңбек» — деп пікірін білдірді, ғалымның шәкірті Ә.Исабек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444