Мереке қарсаңында мәдениет қызметкерлері де марапатталды

Биыл елімізде айтулы мерекелер көп. Соның бірі және бірегейі бас заңымыз Конституцияға биыл 25 жыл толып отыр.

Конституция Қазақстан халқының елімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітуге деген ұмтылысын, жігерін бейнелейді.

Осынау айтулы мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентті Жарлығымен бекітілген “Қазақстан Конституциясына 25 жыл” мерекелік медалімен Шымкент мәдениетінің өркендеп дамуына аянбай қызмет етіп жүрген Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Шарафиева Ғалия Аликенқызы, ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Мамадиярова Шолпан Темербекқызы, Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы аквариум бөлімінің меңгерушісі Хайтметова Елена Октамовна және Шымкент көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының жоғары дәрежелі кітапханашысы Русинова Ольга Николаевна марапатталды.

Бүгінгі марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз. Қазақстанның дамуы жолында қажымай еңбек ете беріңіздер. Мереке құтты болсын

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444