«Керемет шақ» атты кәсіби сахнадағы 20 жылдық есеп беру концерті өтті

Шымкентте республикалық, Халықаралық конкурстардың лауреаты Мақсат Айтжанұлының жанды дауыста «Керемет шақ» атты кәсіби сахнадағы 20 жылдық есеп беру концерті өтті.

Кешті қайырымды қала әкімінің орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы жылы лебізімен ашып, Мақсат Айтжанұлына өнерде табыс тіледі. Жанды дауыстағы әуезді әуендер көрерменнің көңілінен шығып, құлақ құрышын қандырды.

Мақсат Айтжанұлының өнердегі ағасы, «Шаншар» әзіл-ысқақ театырының директоры Уәлибек Әбдірайымов сөз сөйлеп, әншінің өнеріне, жеткен жетістігіне тоқталып, ыстық естеліктермен бөлісті. Алдағы уақытта шығармашылығының шындалуына тілекші болды. Көрерменге толы зал, әуелеген ән, ыстық қошемет кештің шырайын келтірді.

Кеш соңында Мақсат Айтжанұлын арнайы «Шымкент қалалық мәдениет үйі»концерттік ұйымы»МКҚК-ны директордың м.у.а Ғани Ермаханбекұлы Аманқұлов мырза алғыс хатпен марапаттап, құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444