Тәртіптік істерді қарау қорытындысы бойынша 62 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды: әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысы туралы

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте Агенттіктің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Мадина Наурызбек әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысы туралы ақпарат берді.

2019 жылдың I тоқсанында Кеңестермен 36 отырыс өткізіліп, онда 264 мәселе қаралған (мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу мәселелері — 51, тәртіптік комиссиялардың және Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы – 61, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары — 12, өзге де мәселелер — 39 және 101 тәртіптік істер қаралды).

Анықтама үшін: 2018 жылдың 1 тоқсанында Кеңестермен 70 отырыс өткізіліп, онда 482 мәселе қаралған (мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу мәселелері — 118, тәртіптік комиссиялардың және Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы – 36, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары-44, өзге де мәселелер 53 және 276 тәртіптік істер қаралды).

Әдеп жөніндегі кеңестердің қызметінде басты назар құқық бұзушылықтың алдын алуға ауысқанын атап өткен жөн.
Мәселен, кеңестерде қаралған 264 мәселенің 38% ғана (101) тәртіптік істерді құрайды.

Тәртіптік істерді қарау қорытындысы бойынша 62 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін – 15, Әдеп кодексін бұзғаны үшін – 47.

Анықтама үшін: 2018 жылда 353 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін – 130, Әдеп кодексін бұзғаны үшін – 223.

2019 жылдың 1 тоқсанында әдеп бұзушылықтар үшін қолданылған тәртіптік жуапкершіліктердің ішінде:

—       «ескерту» — 11 (1 тоқсан 2018 ж — 26);

—      «сөгіс» — 13 (1 тоқсан 2018 ж. — 39);

—      «қатаң сөгіс»  — 14 (1 тоқсан 2018 ж. — 34);

—       «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» — 8 (1 тоқсан 2018 ж.  — 13);

—      «төменгі лауазымға төмендету» — 0 (1 тоқсан 2018 ж. — 2);

—      «атқаратын лауазымынан босату» —  1 (1 тоқсан 2018 ж. — 3).

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін 2019 жылда:

—      14 қызметшіге «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» жасалды (1 тоқсан 2018 ж. – 109);

—      «төменгі лауазымға төмендету» — 0 (2018 жылда — 2);

—       «атқаратын лауазымынан босатылды» —  1 (2018 жылда — 7).

Жалпы, егер 2015 жылдан бастап даму динамикасын байқасаңыз, құқық бұзушылықтар саны (әдептілік құқық бұзушылықтары мен мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар) 52% — ға азайтылды.

Егер 2015 жылы тәртіптік жауапкершілікке 746 мемлекеттік қызметші тартылса, 2016 жылы — 422, 2017 жылы – 399, 2018 жылы – 353, 2019 жылдың 1 жартыжылдығында — 62 мемлекеттік қызметші тартылған.

Мысалға, заңға қайшы шешім қабылдау бойынша бұзушылықтардың саны айтарлықтай азайды.

Егер 2017 жылы заңсыз артықшылық көрсету бойынша 53 бұзушылық анықталса, 2018 жылы олардың саны 3,5 есеге азайғаны байқалады, яғни барлығы 17 бұзушылық.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері жүргізетін профилактикалық жұмыс қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалану бойынша бұзушылықтар 3 есе азаюда өз жемісін берді, 12-фактіден 4-фактіге дейін түсті.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерде абыройсыз мінез-құлқына байланысты әдептік құқық бұзушылықтар жойылды деп те айтуға болады.

Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі кеңестер әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл жасау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әдістері мен тәсілдерін жетілдіру мақсатында 564 кеңестер мен ұсынымдар енгізілді, оның ішінде 559 орындалды (99,11%).

Осыған ұқсас, 101 тәртіптік істі қарау қорытындысы бойынша кеңестермен 68 қызметшілерді жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізілді, оның 62  орындалды(91%).

Нақты тәртіптік істерген келетін болсақ, 2019 жылғы 19 наурызда Ақмола облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы негізінде Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері Ә. (басшысының орынбасары),  Ә. (басқарманың басшысы), Ж. (бөлімінің басшысы), И. (бас сарапшы) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін, Ақмола облысының Астрахан ауданының Ветеринария бөлімінде заңсыз тексеріс жүргізгені үшін (кәсіпкерлік кодексінде көзделмеген сұрақтарды тексерді) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, сондай – ақ Көкшетау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ә. атқарған мемлекеттік лауазымынан шығару түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бқдан басқа, Солтүстік Қазақстан облысында Мамлют ауданының Становской ауылдық округінің әкімі Ә. мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін, атап айтқанда мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша жұмысын қабылдап, ал іс жүзінде жеке кәсіпкерге  жүргізілмеген жұмыс үшін заңсыз төлем төлегені үшін, жұмысынан босатылды.

2019 жылғы 17 қаңтарда Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларды бұзу, жұмыс орнында спирттік ішімдіктерді ішу, сөйлесу кезінде нормативтік емес лексиканы пайдалану үшін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің материалдары негізінде қозғалған Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай қалалық аумақтық инспекциясының басшысы А.Е. Жанзақовқа, бас мамандары К.Б. Байшинге, С.Қ. Мұсайыновқа, Ж.Ж. Қыстаубаевқа, Р.И. Жүнісовке қатысты тәртіптік істер қаралды.

Әдеп жөніндегі Кеңестің шешімі негізінде Ж. атқарып отырған лауазымынан босату түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, М. және Ж.— қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде, Б. және Қ. қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында Алтай ауданы Октябрь кентінің әкімі П. 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 29 өкімімен қызметкерлерге сыйақы төлеген.

Алайда, П. әкім аппаратының ұжымын жинап, алған сыйақыдан әр қайсысынан 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде, соның ішінде Алтай ауданының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін «жаңа жыл» мерекесімен құттықтауға және әкім аппаратының басқа да әкімшілік шығындарына арналған ақшалай қаражатты тапсыру қажеттілігі туралы хабарлады.

Егер сыйақы қызметкерлермен тапсырылмаса, онда келесі жолы сыйақылар берілмейді және жұмыста келеңсіз жағдайлар туындайтынын ескерткен.

Тәртіптік істі қарау нәтижелері бойынша аудан әкімінің 01.04.2019 ж. №56 өкімімен П.Алтай ауданы Октябрьский кентінің әкімі қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, а.ж. 11 сәуірінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 200 бабына сәйкес, бағынысты кызметкерінің пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынымы негізінде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылықтарды алдын алу бойынша  жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы П. «сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, 2019 ж. 1 тоқсанында жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 200 бабының шеңберінде тәртіптік жауапкершілікке 305мемлекеттік қызметші тартылды («ескерту» – 37, «сөгіс» — 77, «қатаң сөгіс» — 83, «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» — 35, «төменгі лауазымға төмендету» — 6, «атқаратын лауазымынан босату» — 67)оның ішінде 91 мемлекеттік қызметші басшы лауазымын атқарады («ескерту» – 10, «сөгіс» — 32, «қатаң сөгіс» — 22, «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» — 12, «төменгі лауазымға төмендету» — 2, «атқаратын лауазымынан босату» — 13).

Анықтама үшін: 2018 ж. 1 тоқсанында тәртіптік жауапкершілікке 183 мемлекеттік қызметші тартылды, соның ішінде «ескерту» – 25, «сөгіс» — 34, «қатаң сөгіс» — 36, «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» — 42, «төменгі лауазымға төмендету» — 5, «атқаратын лауазымынан босату» — 39.

Жалпы, Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында әдептік бұзушылықтардың алдын алу үшін профилактикалық мәселелер жүйелі түрде қаралады.

Қатаң тәртіптік бақылау және жүйелі профилактикалық шаралардың арқасында, 2018 жылы «Қазына – Аралы» ғылыми — зерттеу орталығы БҰҰДБ-мен бірлесіп жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижесіне сәйкес Әдеп жөніндегі кеңестердің шешімдеріне деген сенім деңгейі 48%-дан 56%-ға дейін, яғни өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға өсті.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444